|

«Мәдени мұра» веб-порталы
«Мәдени мұра» - «Мәдени құндылықтарға» қош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда «Мәдени мұра» веб-порталы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің пікірінше еліміздің мәдени қазынасына жол ашатын сәтті ақпараттық ресурс болып табылады.
«Мәдени мұра» сіздерді сан ғасырлық Қазақстан мәдениетінің жетістіктері мен ұлттық қазынамызды болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу үшін мемлекетіміздің атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырады.
Мұнда сіздер он-лайн тәртібінде тарих және мәдениет ескерткіштері туралы бірегей мәліметтерді, археологиялық зерттеулерді, әлемдік кітап қоймалдарына іздеу экспедициялары туралы, қазақ халқының музыкалық дәстүрін, әлемдік классикалық әдебиеттің үздік шығармалары туралы оқи аласыздар.
Джон Хершел дұрыс айтқан: адамды бақытты ету үшін оны талғампаз оқырман етіп қана қоймай, бұған қоса ең алдымен электрондық мүмкіндікті беру керек. Гёте де тынышталды –енді қолжазбалар күйіп кетпейді. «Фауст» өзін электрондық өлшемде жақсы сезінеді. Оның кітабын бір уақытта мыңдаған адам оқи алады, мұнымен қоса қазақ тілінде оқи алады.
Ардақты кітапқа бірнеше секунд кетеді – www.madenimura.kz – сөйтіп Қазақстанның ұлттық рухани қазынасының бай әлеміне қош келдіңіз. Кітап сөресінен әрбір кітапты алып, авторы мен атын оқуға қанша сағат және минут кететінін санап көріңізші. Компьютер және Интернет болса, бұны санаулы минуттарда істеуге болады.
Біз барлығымыз египет пирамидалары және фараондардың мумиялары, римдік Колизее, әйгілі пизандық мұнара туралы білеміз, бірақ әлемді дүр сілкіндірген Берел обаларының табындысын, жер бетіндегі өркениетінен тыс пайда болған Ақбауыр жұмбақ мекенін, Маңғыстау тауларында ойып салынған жер асты мешіттері туралы көпшілік біле бермейді… Бағдарлама аясында жұмыс жүргізілген жылдар археологтардың ашқан жаңалықтары мен табындыларын санап шығу үшін орын жетпейді.
Сондай-ақ сіздер Қазақстанның қасиетті мекендері туралы біле аласыздар, сәулет ескерткіштері және ежелгі қалалар туралы видеофильмдер көре аласыздар, қазақ халық аспаптарының үнін тыңдай аласыздар. Сіздер дана Абайдың қара сөздерін естисіздер. Сіздер мешіттер мен кесенелердің бай фотогалереясын, жартастағы жұмбақ суреттер және тас мүсіндерді көре аласыздар. Бұл «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ–ның тобы – порталды жасаушыларының жоспары мен шығармашылық ойларының толық тізімі емес. Жоспарда ұлттық дәстүрлер, қазақтың қолданбалы өнері, қазақ диаспорасының дәстүрлері мен мәдениеті және т.б. туралы ақпараттар бар.
Отандық археологияның патриархы Әлкей Марғұлан: сақтау үшін – білу керек,-деген. «Мәдени мұра» веб-порталы біздің бастауымыз, мұрамыз туралы білуге көмектеседі. |