Археологиялық зерттеулер
Мектеп қабырғасынан біз мысырлықтардың адам денесін мумиялау, бальзамдау және әлемнің жетінші кереметі болып табылатын пирамидаларды салуда жеткен жетістіктерімен таныс болған едік. Бірақ, біз олардың ішіндегі адам денелерінің сақталуы жағынан біршама артып түскен өзіміздің пирамидаларымыздың тарихын біле бермейміз.
Бұл Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандары және олардың ішіндегі мүрделердің мүлтіксіз сақталуы – бірегей және бірден – бір құбылыс. Берел қорғанында жерленіп, мәңгі тоң жағдайында сақталған жылқылардың жасы 2500 жылдан асады. Қорған құрылысының өзіндік конструкциялық ерекшеліктерінің арқасында, аттар ғана емес, сонымен қатар декоративтік-қолдаңбалы өнердің бағалы материалдары да сақталған. Археологиялық ескерткіштерге қазба жұмыстары, әсіресе ірі ортағасырлық қалашықтардағы қазба жұмыстары және оларды консервациялау мен мұражайландыру ондаған жылдарды қажет ететіндіктен, археологиялық зерттеулерді бірінші кезеңде таңдап алынған Бұзоқ, Қойлық, Талғар Сауран, Отырар, Сарайшық қалашықтары сияқты еліміздің белгілі ескерткіштерінде жалғастыру арқылы тереңдету қажет. Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың ортағасырлық Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи қала орталықтарына археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізілуі қажет.
«Мәдени мұра» бағдарлама бойынша археологиялық зерттеу
Барлық аймақтар
Сілтемелер:
ҚР Ғылым және білім министрлігінің Марғұлан атындағы археология институты
Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты ЖШС