Кітаптар

2004 жылдан бастау алған мемлекеттік бағдарламаның жұмыс мерзімінде әлемдік үздік ақыл-ой жемісі негізімен 350 аса атаудағы кітап басылып шықты. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің бай мұралары «Бабалар сөзі» сериясынан көрініс тапқан, онда ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері кірістірілген: жүздеген жылдар бойы жасақталған ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпикалық туындылар мен тарихи дастандар! Қазақстан ақын-жазушыларының шығармашылық қырлары мен негізгі тенденцияларын ашып көрсеткен әрі бірнеше ғасырлар бойғы Қазақстандағы көркемдік әдеби ой тарихы туралы жан-жақты баяндалған «Қазақ әдебиетінің тарихы» сериясы, Америка, Австралия, Африка, Азия және Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы әдеби шығармалары енгізілген «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы шығарылды. Қазақ халқының аса бай философиялық мұралары қатарындағы үздік туындылардың басын қосқан «Көне заманнан біздің кезеңімізге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясы алғашқы беталыс. Қорқыт ата сөздерінен басталып, кемел ойдың кемеңгері Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарына қарай ұласқан Ұлы Дала даналарының философиялық пікірлері, шындығында да, әлемдік гуманистік рухани мәдениеттің інжу-маржаны іспетті. Осы басылымдардың әрқайсысы – ғалымдардың, жазушылардың, аудармашылардың, суретшілердің, мұрағатшылардың және кітапханашылардың ұжым боп бірлесе атқарған еңбегінің нәтижесі. Құны биік көркем әдебиеттер мен ғылыми басылымдарды жарыққа шығару жұмысы бірнеше жыл бойы жалғаса береді.
Көркем әдебиет. Әдебиеттану
Ғылым. Педагогика. Жан ілімі (Психология)
Қоғамдық-саяси ғылымдар
Философиялық ғылымдар
Мәдениет. Өнер. Музыка
Анықтама басылымдары
Тіл білімі
Фольклор
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басылып шыққан кітаптар туралы қосымша ақпаратты көрсетілген электронды пошта бойынша алуға болады: kitapkhana@nabrk.kz