Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» - «Мәдени құндылықтарға» қош келдіңіздер!

Верный үш классты училищесі   (XIX ғасыр)

Басты бет - Портал туралы

«Мәдени мұра» Қазақстанның мәдени жетістіктері туралы ақпараттық ресурс болып табылады, ол сіздерді еліміздің көпғасырлық рухани және материалды мәдениетінің өте бай мұрасы мен жетістіктерімен, оларды сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламалармен таныстырады.

Мұнда сіз қазақ халқының қайталанбас археологиялық, тарихи және мәдени ескерткіштер, архологиялық қазбалар, әлемдік кітап қоймаларына және мұрағаттарына іздеу экспедициялары, музыкалық мұралары туралы туралы деректер табасыз.

«Аудиоматериалдар» және «Аудиокітап» бөлімдерінде әлемдік классикалық әдебиеттің үздік шығармалары қазақ тілінде және ұлы Абайдың «Қара сөздері», қазақтың дәстүрлі музыкалық және әндік шығармалары мен қазақ ұлттық аспаптардың үндерінің мысалдары көрсетілген.

«Видеоматериалдар» бөлімінде сәулет ескерткіштері, археологтардың тапқан қазіргі Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалары туралы видеофильмдер коллекциясы жинақталған. Портал қонақтары үшін мешіттер мен кесенелер, құпия жарлардағы суреттер мен тас мүсіндерінің суреттері бар фотогалерея қызмет етеді.

Сонымен қатар порталдағы «Қазақстан» және «Өнер» тарауларында Қазақстанның мемлекеттік символдары мен астанасы туралы, қазақтың әйгілі авторларының әдеби және музыкалық шығармалары туралы ақпарат орналастырылған.

«Мәдениет мекемесі», «Қажет сілтемелер» және «Білу керек» тарауларында қазақ мәдениетіне арналған біршама сайттарға сілтемелер көрсетілген, оның ішінде: Қазақстан мәдениеті мекемелерінің, «Қазақфильм» киностудиясының, Ұлттық кітапханасының, Ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының ресми сайттарына сілтемелер. Бұл тарауларда, сонымен қатар, сіз мәдениет, фестивальдар, конкурстар мен мәдениет саласындағы сыйлықтар, Қазақстанның тарихи аймақтарына саяхаттық маршруттар туралы, Алматы мен Астана қалаларындағы драматикалық театрлардың репертуары туралы ақпарат таба аласыз.