2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Жанында — алтын бұйымдармен әшекейленген он үш мініс ат. Берел қорғанындағы аттардың жасы 2500 жыл. Қорғанды салу тәсілі ерекше болғандықтан тек ет қана емес, сәндік-қолданбалы өнер материалдары да таза күйінде сақталған. Скиф-сақ аң стиліндегі ежелгі сәндік өнер мысалдары, сонымен қатар берел патшасының мінген атының парадтық жабдығы реставрация мен қайта құрудан кейін ҚР Президенттік мәдени орталығына орнатылды. Қарапайым халық арасында ақ алтын деп аталатын алтын әшекейлерді дайындау технологиясын білген сақ периодындағы шеберлер құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған. Қазіргі кезде оған электролиз технологиясы қолданылады.
Қазақстан мен оның астанасы Астана үшін Бозоқ қалашығының орны ерекше. Ортағасырлық Бозоқ қалашығындағы қазбалар Астанан қаласының мыңнан астам жылдан бері тұрғанын дәлелдейді. Сол кезеңде қазіргі Астана орнында әскери орданың пайда болуы геостратегиялық факторлармен түсіндіріледі - Жібек жолы керуен жолдарын бақылау мүмкіндігі. Бозоқ қалашығы территориясндағы кесенелердің үлкен концентрациясы Нұра-Ешім аймағының ортағасырлық рухани Меккесі болғанын білдіреді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында XIғ басы-XIIIғ арасында Қарлұқ-Жабғу астанасы ретінде мәлім ортағасырлық Қойлық, Отырар қалашығы, ортағасырлық Жанкент қалашығы - «оғыз патшасы» резиденциясы, Ақыртас кешені - ерте ортағасырлық Қаған орталығы сияқты бірегей археологиялық ескерткіштерде қазба жүргізілді.