Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдық емес мұра

Талдысай қонысы   (XX - XXI BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Материалдық емес мұра - Қазақ қоғамында батырлардың алатын орны

Қазақ қоғамында батырлардың алатын орны

Сәрсенбі, 24 тамыз 2016    Тарихымызда халқы үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан батырларымыз қаншама. Қазақ жерін сақтап қалу мақсатында жоңғарлар мен қаншама жыл кескілескен ұрыстар да шайқастар да болып өткен. Бұл шапқыншылық қоғамда батырларды тудырған заман болды. Батырлар ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың орта шеніндегі Қазақ жерінде әскер көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендердің айқындауы бойынша қазақтар батыр деп «батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады. Соғыс кезінде бұлар нағыз шабондаздар.» «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес. Оны ешкім жеке басының ерлігімен алып отырады. 

   «Батыр», «багадүр», «баһадүр» деген түрік-манғол сөзі, бастапқыда шайқас алдында жауды жекпе-жекке шақырылатын ержүректі білдірген. Осы транскрипциясында ол ХІV ғасырдың өзінде-ақ орыс тіліне еніп, оңтүстік славяндардың кітаби тіліндегі «батыл», яғни «жауынгер» деген неғұрлым ертедегі, автохрондық терминді ығыстырып шығарған. Бұл терминнің «богатырь» деген орысша нұсқасымен қатар, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде Мәскеу мемлекетінде ат жерлік ержүрек ауынгерлерді атау үшін енді түркі тілінің өзіндегі «батыр» термині қолданылған. Мұны «масковия туралы жазбаның» белгілі авторы, бұл атаудың орыс ғалымдарынан алғаш рет есіткен австриялық дипломат Сигизмунд  Герберштейннің (1485-1566) жекелеген ескертпелері растай алады.

    Батырларды қазақ жыраулары да аз жырлаған жоқ. Едіге батыр, Қобыланды, Алпамыс және тағы басқа батырларымызды ауызба ауыз жырлап осы күнге жеткізілді. Шыңғыс хан заманынан бері «Баһадүр» термині әскериленген түркі-маңғол ақсүйектерінің өкілдері талай рет атақ ретінде берілді. «Батыр» атағын ерлігімен көзге түсіп алатын болған.Батырлықпен көзге түскен әкелі балаларлар да аз емес. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Шекті Тілеу, Жолдаяқ Батырларды атауға болады. Олар Сыр бойы қалалары үшін жоңғарлармен соғыста ерліктерімен батырлығымен көзге түскен.  Сол кезеңде Қазақстан мен Сырдария бойындағы сауда қалаларын, сонымен қатар, ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны жоңғарлар басып алмақшы болды. Міне осындай Оңтүстік қалалары үшін болған жоңғарлармен соғыста ерлікпен қаза тапқан Тілеу батыр Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына жерлеген. Тілеу батыр тірісінде-ақ адамның сұңқары атанған аңыз адам болған екен. Осы батырларымыздың ерліктерінің арқасында қазақ жерінің ұлтарақтай жері де жаудың қолына өтпеді. Осылайша құс ұшса қанаты талатын кең байтақ даламызды, жерімізді сақтап бізге аманаттап табыстады. Осындай батырларымыздың ішінде аты аңызға айналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Қойкелді, Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай Батыр  және тағылар таға бар. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні біздер үшін зор болып табылады. Қазаққа аты танылған атақты тұлғаларды Түркістан топырағына алып келіп арулап жер қойнауына тапсырып отырған. Осындай тұрғалардың бірі Қаракерей Қазанбай (Қазығұл) Батыр. Өмір сүрген жылдары «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында есімдер азылған тақтада 1680-1730 жж. деп көрсетілген. Қаракерей Қазанбай батырды көпшілік Қаракерей Қабанбай батырмен шатастырып жатады. Алайда бұл екі тұлға өз алдына батырлар. Қазанбайдың азан шақырып қойылған шын есімі Қазығұл болған.   Ырсымбет бабамыз Ташкенттің жеті қақпасын билеген ұлық, зираты Қожахмет Ясауи кесенесінде балаларының арасында Қазығұлдың беделі ерекше. Қазанбай батыр  1723 жылға дейін бірнеше жыл Ташкентті (Шыназды) басқарған – Бек. (М. Тынышбаевтың «Ақтабан шұбырынды» тарихи мәліметінде.)

Қазығұл жас кезінен ер болатын,

Бес Семіз баласына бел болатын.

Төрт ұлы Төлегетай түгел жиып,

Қамқор боп, басын құрап, ел болыпты.

Еліне батыр–баба атаныпты.

Тартыста «Қызыр Ілияс» жүлде алыпты.

Артында адал туған немересі,

Ішіне әулиенің апарыпты.

Ол кезде ел Ташкеннен арқаға ауған,

Қазығұл құтқарыпты талай жаудан.

Сол кезде ашаршылық заман болып,

Ақтабан шұбырынды қайың сауған…

 

    1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан болған «Ақтабан шұбырындының орны алабөтен ерекше екені белгілі. Өйткені бұл опат қазақ халқының жер бетінде «не қалуын, не қалмауын» шешкен екен. Соғыстың бірінші күнінен бастап, Қазығұл Ырыспамбетұлы Жанғұлы руының сарбаздарына бас болып, Түркістаннан хан ордасын Сарыарқаға көшіруге күш салысады.

    Алғаш рет жаудың бетін қайтарған 1728 жылғы Бұланты шайқасында, 1730 жылғы Аңырақай – Алакөл ұрыстарында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыр Ілияс» белгісіне ие болады. Бұл «Қаһарманның қаһарманы» деген атаққа саяды. Батыр 1730 жылы Жоңғарлармен соғыста қайтыс болған. Денесін немересі Байшуақ батыр Жолдыбайұлы Түркістанға жеткізіп, атасы Ырыспамбеттің қасына жерлейді делінген. Яғни Қазанбай батырдың әкесі де осы Түркістан қаласында жерленген болып отыр.

    М.Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» - деген кітабында екеуінің де Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгені жазылған.

Қазанбайдің шежіресін көз жүгіртер болсақ,  Найман - Өкіреш - Белгібай - Сүйінші - Төлегетай баба - Қытай би - Қаракерей - Ерторы - Байсиық - Жирен - Жанғұлы - Кұлмамбет - Асан - Ырсымбет - Қазығұл (Қазанбай батыр) - Жолдыбай - Байшуақ - Мыңбай - Тұңғат - Күдері - Маусымбай - Жұмахан (1891-1938).

   Қазығұлдан жеті ұл: Жолдыбай, Барлыбай, Базартай, Өтен, Көтенбай, Сетенбай, Дауылбай (соңғы үшеуі қырғыз бегінің қызы Сақ шешеден туған.) Бәйбіше балалары оларды кемітіп, «қырғыздар» атанып кеткен. Жолдыбай Байшуақ туғаннан кейін дүние салған. Әйелі әсіреп анамыз қайнысы Барлыбайға: «Адырая бетіме қарамасаң, арқама қамшы салмасаң, тоғыз ұл тауып беремін» деген аңыз бар. Айтқанындай, Байшуақпен емшектес: Шағырай, Тоқбай, Бопай, Бозай, Боздақ, Қойлыбай, Құлмөтен, Бөрте, Кенжебай туған. Жасы келе Әсіреп анамыз Барлыбайға тоқал әперіп, ол анамыздан Майлықара, Амалдық туған. Сөйтіп, Барлыбайдан 11 ұл тараған. Қасиетті Әсіреп анамыз – үйсін Шымырдың немересі Бекболаттың қызы.

Байшуақ жас қалыпты Жолдыбайдан,

Бұлардай ер туады енді қайдан.

Үш жүздің баласына ұран болған,

Атағы кем болмаған Абылайдан.[ 3, Байсалбай Т.С. «Шежіре-тарих сыр шертсе…»]

    Батырлар тек соғыс кезінде ғана көзге түсіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, олар кішігірім рулық бөлімшелерді басқарған. Сонымен қатар, дипломатиялық келісім жұмыстарымен де елшілік қызметті де атқарған. Мысалы Шақшақ Жәнібек батыр ханның ең сенімді өкілі және ханның ең жақын кеңесшісі болған.

Әскери кәсіп - батырлар үшін ата кәсіп саналып, көп жағдайда әкеден балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіпппен айналысып ел үшін соғысқа аттануы міндетті. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің кегін алудан бастайды. Өйтекні әке кегін қумау батыр үшін өліммен бірдей. Бұл жерде айта кететін бір жәйт: бір-бірінің намысын қадірлей білетін батырлар: «...Мен өлсем арманым жоқ, артымда үш ұл, бір қызым бар. Сен өлсең артаңда дәнеңең жөқ, тұяқсыз қалсың, елге барда әйел ал, бала көр, ...артыңда кек алатын тұяқ қалсын», - деген үзіндіден көріп отырғанымыздай, айқастағы қасыласының атында кегін қуар мұрагері болуын қатты ескеріп отырған.

Батырлар хандық билікпен де тығыз байланысты, яғни хан жанындағы әскерикеңес мүшелері, түрлі дауазым иелері болғандықтан елдің ішкі және сырқы саясатына араласып, мемлекетаралық қатынастарға қатынасып, әртүәлі қызметтерді атқарған.

Мысалы елшілік қызметтегі батырлар өз дегеніне кез-келген әдіспен жетіп отырған. Бірде олар қарсыласын өздерінің күші туралы өтірік ақпаратпен қорқытса, енді бірде оқыс қимылдап, айқайлап, өздерін қатыгез ретінде көрсетіп жауларының беделін көрсетуге тырысқан.

Жыраулар өнері батырлар идеологиясымен тікелей байланысты. өйтекні, жыаулар - батырлар жігінің өкілдері, яғни олардың барлығы баырлар әулетінен шыққан және кезінде батыр болған адамдар. Оған қолбасы болған қазту,ан жырауды, Есімханның әскер басы Жиенбет жырауды, Темір бидің батыры Шалкиізді, жорыққа қатысқан батыр - Допанбетті мысалға келтіруге болады [4].

Бекназарұлы  Таңыбай ( 1670-1755 ) қазақ халқының елдігімен еркіндігін қорғау жалында жоңғар щапқыншылығына қарсы жүрнізген Ұлы Отан соғысында ерен ерліктер жасап, исі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі. Кәрсон Бекназарұлы  Таңыбай батыр 1670 жылы қазіргі Қарағанды облысы Мойынты шет ауданы Киікті елді мекенінде туып. 1755 жылы 85 жасында дүние салған. Таңыбай батыр «Ақтабан шұбырынды, алқагөл сұлама» 1700-1740 жылдары қаптаған жоңғарларға қарсы Болат тауының маңында Дуана өзенінің байында жасақ құрған. Жасақтаң біразы үйсін., қырғыз, найман,уақ, керей,қыпшақ болған. Тәуке ханның бас батырларының бірі  Тарақты Наймантай батыр , Тобықты Қарамеңді батыр әрі би, Тарақты Орақ батыр, жас қырғи Тарақты Байғозы, Шапыры\ашты Наурызбай батырлармен, өзінің баласы Жәутік батыр мен немере інілері Кәрсоннен шаққан Есенаман Тобышақ, Орынбай , Керней Жарылғап ,Әлтеке Жидебай, Шанышқылы Берді Қожа батырлармен жорықтас дос болды жауларыны қарсы тұрған. Халық жырларында :

Тәукенің арыстандай батыры бар,

Қолында айбалтадай қалашы бар .

Бекназарұлы  Таңыбайдың Жәутікұлы

Арыстандай –Таңыбайдай жауға шабар»,- деп суреттейді.

Қазақ халқының қарсы шапқан жауларына тойтарыс берген мыңдаған батырларымыз ерлік көрсетіп, ержүректігімен аттары аңызға айналған батырларымыз жетерлік.

Күнсұлу ӘСЕТОВА,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени

қорық мұражайының экскурсоводы.

Түркістан қаласы.