Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде орналасқан – көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен. Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда болған.

Бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды

Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаға археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II ғғ Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі. Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі – Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет туындысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция Абылай хана» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Қазақстанның мәдени мұра картасыБарлық тізімді қарау

Ақмола облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 1

Ақтөбе облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 2

Алматы облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 3

Алматы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Астана

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Атырау облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 1

Шығыс Қазақстан облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 2

Жамбыл облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 6

Батыс Қазақстан облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 1

Қарағанды облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Қостанай облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Қызылорда облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 6

Маңғыстау облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 1

Павлодар облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Солтүстік Қазақстан облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 0

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 7
Мемлекеттік мағынасы бар ескерткіштер: 30