Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер

Қазақстанның барлық тарихи және мәдени ескерткіштері

Келесі әріптен басталатын culture memorials:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
  • Абат-Байтақ кесенесі

    Абат-Байтақ кесенесі

    Хобда ауданының Абат-Байтақ Кесенесі ХІХ ғ. Талдысай аулынан оңтүстікке қарай 12-шақырым жерде құрамына XVII-XIX ғасырдың Абат-байтақ кесенесі 200-ден астам құлпытастар кіретін Абат-Байтақ зираты орналасқан.

    Tолығырақ
  • Абділ Әзіз баб

    Абділ Әзіз баб

    Абділ Әзіз баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылында орналасқан. Бұл көп күмбезді ескерткіш ХII ғасырда Исфиджаб (қазіргі Сайрам ) қаласында тұрғызылған.

    Tолығырақ
  • Аблайкет храмы

    Аблайкет храмы

    «Аблайкет» храмның үйінділері являются памятником архитектуры 1654 ж. сәулет ескерткіштері болып есептеледі және республикалық деңгейдегі ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне кіреді.Ескерткіш Ұлан районының Аблакет өзенінің бойындағы Никитина ауылынан 15 км шақырымдық жерде орналасқан.Аблайкет – бекітілген ламаистті храм. Құрылысы 1654 жылы басталды. Осындай храмдардың пайда болуы XVII ғасырдағы ойратты (қалмықтар) феодалдармен жаулап алған жерлер және Ресейден Қытайға өтетін сауда жолдарына бақылау жасауды бекіту саясаттың негізге алынуын түсіндіреді.Монастырлы-бекініс құрылысы туралы Аблай ханда қыстаған  Федор Байқов алғашқы хабар берген болатын.  1735 жылы орыс геодезист Василий Шишков бірінші жоспар жасап храмның бейнесін суреттеген. Бұл жерде Петербургтегі Азиат музейінің бастамасы ретінде жазулар табылды.Аблайкет басында тас кесілімдерімен өңделмеген плиталардан, құмды қоспасымен биіктігі 3-5 м., қалыңдығы 3 м. құрылған бесбұрышты формасындағы ғимарат болған. Ғимараттың біздің күнімізге дейін үйінділер сақталып, тікбұрышты тұрғызылым тасты қабырғамен қоршалған, топырақ қоспасынан және кірпіш үйінділерінен құралады.  Сонымен қатар құрылыс бөліктері мен қоспалардан жасалған үгінділер орнаментерімен жартылай дөңгелек формасында фестонатты валик түрінде орналастырылған.  Олардың бір бөлігі көк, жасыл және күлгін қызыл түсімен боялған.Бас ғимараттан шамамен солтүстік батысқа қарай 30 м қашықтықта 2 үлкен шұңқырлар орналасқан: жартылай дөңгелек бірінші шұңқырда оттың белгісімен гранитті ойылымдар бар.Тұрғын үй қате төртбұрышты формадағы құрылған құрылысты ұсынады. Құрылыс жерден және күлгін және қызыл кірпіш үгінділерінен құралады. Қалған кеңістікте қабырғалардың ішінде құрылыс белгілері байқалмайды. Стены крепости сложены из плит сланца и гранита с преобладанием гранита. Солтүстік шығыс бекінісінің гранитті шыңда терең тау қонысы бар, онда іздер және қабырғалары үстүртін суреттелген болатын. Бұл қарау жеріне көп ұқсайды. Сақталған қабырғаның биіктігі 2 метрді құрайды.  Қабырға 3 метр болғандығын гранит іздерінің болуы және жанындағы екіметрлі тұрғызылымның болуы дәлелдйді.

    Tолығырақ
  • Абылай ханның резиденциясы

    Абылай ханның резиденциясы

    Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып саналады. Қазақстанның Солтүстік аймағын отарлау басында Есіл өзенінің жағасында Қызылжар төбесінде 1752 жылы Петр бекінісі салынған болатын. Бұның өзі еларалық қарым-қатынасты жөнге салуға ықпалын тигізді.

    Tолығырақ
  • Абылай хан стеласы

    Абылай хан стеласы

    Орнату комплексінің орны –  бұл Абылай хан тарихи жері, ағаштармен қоршалған шыңға шығатын белестерден тұратын. Ерекше алатын болсақ алаңқай жер оның дөңгеленген формасы ( дөңгелек – ғасырлықтың, шексіздіктің белгісі) композициялық және кеңістікті-пластикалық шығармашылық болып есептеледі.  Авторлар бұл қасиетті Казақстан халық үшін сақтайды, энергиясының ең маңызды орталық көзі болып есептелетін монументін – комплекстің доминантына орын бөледі. Өздерінің шығармаларында Еуразиялық аймығында кең танылған, ғасырлар тоғысында скиф-сақтық қоғамынында жасалған, Ұлы далада қоныс алған түріктер, славяндар үшін де бір тамыр болып танылған.

    Tолығырақ
  • А. Деров көпестің сауда үйі

    А. Деров көпестің сауда үйі

    Павлордар өңірінің мақтанышы, сәулет ескерткіші А. Деров көпестің сауда үйі болып есептеледі. Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасымен қаланың белгілі азаматы және әйгілі I гильдий көпесі А.И. Деровтың ақшасына салынған. Бұл көлемі мен ұзындығы бойынша қаланың көпестері тұрғызған құрылыс бөлігінің ең үлкен ғимараттарының бірі болды. Сауда үйі -ірі ғимарат, қазір сәулет ескеркіші ретінде есептеледі. Сібірлік «модерн» стилінде салынған.

    Tолығырақ
  • Қажы Талиға

    Қажы Талиға

    Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпын сақталмаған.

    Tолығырақ
  • Айқожа кесенесі

    Айқожа кесенесі

    Бұл құрылыстың фундаменті ретінде күйген кірпіш тұр, оның жалпақтығы 20см. Фундамент астына 20см тереңдікте тас бетон қойылған фундаменттің жан жағынан 50см қиыршық тас салынған қалаудың материалдық жағдайы қанағаттандырарлық, ешқандай қайта жасау қажетсіз, барлығы жөндеу барысында қалпына келтірілді. Қабырғалар күйдірілген саз кірпіштен қаланды. Қабырғаларының қалыңдығы 1,4 м, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдаланылуға берілді.

    Tолығырақ
  • Айша-Бибі кесенесі

    Айша-Бибі кесенесі

    Айша – бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

    Tолығырақ
  • Ақкесене мұнарасы

    Ақкесене мұнарасы

    Ақкесене мұнарасы төменгі Талас ауданында орналасқан. Қазақстан тарихында осы күнге дейін сақталған Қыпшақ дәуірінің есерткіші. (XIII-XVII). Жамбыл облыстық археологиялық эспедиция басшысы Г.И.Пацевичтің пайымдауынша бұл ескерткіш кезінде қарауылдауға арналып салынған нысан. Жедел континенттегі ауа райы осы аймаққа тән, сол себепті де мұнараның негізгі келбеті сақтала қоймаған, осы соңғы он жылда ескерткіш тіптен мүжіле түсті, және жедел жөндеу жұмыстарын керек етті.

    Tолығырақ
  • Алаша хан кесенесі

    Алаша хан кесенесі

    Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.).

    Tолығырақ
  • Алғашқы әскери училище ғимараты

    Алғашқы әскери училище ғимараты

    Ескі карта бойынша қазіргі әскери училище ғимараты Михайловский және Никольский көшелері бұрышында орналасқан. Ғимарат XIX ғасырдың 70 жылдары салынған. Онда классикалық ерлер гимназиясы болған. 1890 жылы училище болып құрылған. Училищеде 200-дей бала оқыған. Ғимарат үш этапта күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қазіргімен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ, екінші қабат терезелері сәнделген кіреберіс есік үстінде балкон орналасқан.

    Tолығырақ
  • Қалжан Ахун медресесі

    Қалжан Ахун медресесі

    Бұл нысан XIX ғ. аяғында салынған медресе Қызылорда қаласының солтүстік батысында 60 шақырым жерде автокөлік тас жолы бойында және темір жолдан 100 метр жерде орналасқан.Қалжан Ахун 1862 жылы Хиуа хандығында дүниеге келген және Хиуа мен Бухараның  рухани оқу орындарында білім алған. Қалжан Ахунаның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысындағы Жамақағлы жеріндегі табын руынан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарының қолында тұрып, Хиуа хандығына қызмет етеді, ол жерде үлкен қызмет атқарады. 1875 жылы дүние салады.

    Tолығырақ
  • Қарағұл кесенесі

    Қарағұл кесенесі

    Қарағұл кесенесі, Кіші Жүз қазақтарының құрметке бөленген өкілдерінен біреуінің басында тұрғызылған. Бұл XIX ғасырдың, көркем күмбезді кесенелер тобы ішінен айрықша ескерткіштердің біреуі. Кесене, Мұғалжар ауданындағы Борлы ауылынан, оңтүстік-шығыс бағытында 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ескерткіш, бөлекше, төбеде орналасқан, қасында бірнеше жақын заманның мазарлары бар.

    Tолығырақ
  • Қараман-ата қорымының ескерткіштері

    Қараман-ата қорымының ескерткіштері

    Қараман ата мазары Маңғыстау аймағының мазараттары ішіндегі ең көне зират. ІХ-ХІХ ғасырдан қалған мұра, яғни әрбір дәуірдің әртүрлі ескерткіштерінен сыр береді. Маңғыстау өңірінің этнографиясында сәулет өнері дәуірінің ең қымбат қайнар көзі. Бұл аймақтағы барлық ескерткіштердің салыну техникасы біркелкі десе де болады. Құрылыс тас плиткасынан салынған сазды лаймен салынған. Көптеген нысандар бояулы оюлармен өрнектелген.

    Tолығырақ
Келесі әріптен басталатын culture memorials:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ

Барлық ескерткіштер: 80