Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мәдени мұра

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра

Асыл мұра

Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.

Ақындар, күйші, композиторлар

Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
Ришат  Абдуллин

Ришат Абдуллин(1916-1988)

Абдуллин Ришат (1916-1988) - әнші (баритон). ССРО халық артисі, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматы музыкалық техникумын (қазір музыкалық училище), Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясын (А.И.Вишневскийдің класы) бітірген. 1939 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Р. Абдуллин жасаған вокальды- сахналық бейнелер қазақ опера өнерінің тарихына кірді. Оның ең жақсы опералық партиялары: Абай “Абай”, А. Жұбанов, Л. Хамиди), Тарғын (Е. Брусиловскийдің “ЕрТарғыны”), Онегин (П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегині»), Жермон (Дж. Вердидің «Травиаттасы»). Р.Абдуллиннің ән репертуары кең және әрқилы, оған Қазақстан территориясында тұратын көптеген халықтардың әндері кіреді. Ол - өз өнері арқылы көп көңілінен айрықша орын алған тұлға.

Tолығырақ
 
Алмас  Алматов

Алмас Алматов(1957ж.)

Алматов Алмас - домбырашы, жырау. 1957 жылы Қызылорда Қаласында туған. Алматовтың әуендік ортасы ұлы Қорқыт пен оның ізбасарлары Рүстембек, Көшеней, Бидас өмір сүрген мекен. Композитор М. Қалауов пен танымал фольклоршы, профессор А. Қоңыратбаевтан оның дәріс алуы творчестволық қалыптасуына ерекше ықпал етті. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. А. Алматовтың ұланғайыр тақырыпты орындаушылық өнері бүгінде елімізден тыс шетелдерге де танымал. Ол қазақтың жыршылық өнерін Мәскеу, Самарқант, Париж, Франция, Италия, Швейцария, Монғолия өнерсүйер қауымына адамзат мәдениетінің асыл қазынасы ретінде таныстыра білді. Ол қай жерде өнер көрсетсе де, Арал өңірінің жырлау мәнерін танытумен болды. Ол Асан Қайғыдан бастап, Қазақстанның қазіргі замандық ақындардың шығармаларын орындайды. Эпикалық жыр өнерінің адам сезіміне әсері ерекше. А. Алматов жыр өнерін жалынды жалғастырушы айрықша өнер иесі.

Tолығырақ
 
Юрий Петрович Аравин

Юрий Петрович Аравин(1941ж.)

Аравин Юрий Петрович - музыкатанушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1941 ж. Тверь қаласында (Ресей) туған. Новосибирь консерваториясының тарихи – теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі – профессор Б. Г. Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық – тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген.

Tолығырақ
 
Шанақ  Ауғанбаев

Шанақ Ауғанбаев(1912ж.)

Ауғанбаев Шанақ - сыбызғышы. 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Сыбызғыда ойнауды бала кезден бастаған. Оның алғашқы ұстазы белгілі сыбызғышы Шерубай. Ол Шанақтың творчестволық тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті және күйлерді орындау жөніндегі өз өнерін табыстады. Үрмелі аспаптар ішінде сыбызғыны халық аса құрметтеген, ал сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелерде аса қадірлі меймандар сапында болған. Шанақ шығыс Қазақстандық сыбызғы мектебінің көрнекті өкілі, оған екі дауысты орындау техникасымен лирикалық және мазмұнды әндерді орындау тән. Ол сыбызғылық дәстүрлі өнерді, оның үлгілерін осы күнге жеткізуші тұлға. Оның репертуарында 20-дан астам күйлері бар, соның ішінде белгілері: “қазақтың күйі”, “Қалмақтың күйі”, “Қош, аман бол”, “Жамал-ай”, “Есік алды балқурай” және тағы басқалары.

Tолығырақ
 
Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ