Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Қараман-ата қорымының ескерткіштері   (XII - XVII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра

Асыл мұра

Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.

 

Заманауи музыкалық өнер

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
Гүлжәмиля  Қадырбекова

Гүлжәмиля Қадырбекова(1949ж.)

Қадырбекова Гүлжәмиля - пианист, Қазақстанның халық артисі. 1949 жылы Алматы қаласында туған. 1967 ж. К. Байсейітова атындағы музыкалық мектепті бітіріп, П. И. Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясына түскен. Профессор, РСФСР-дің еңбек сіңірген артисі Г. Акселородтың арнайы фортепьяно класы бойынша оқыған. Консерваторияны бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырды, 1980 жылы Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы пианистердің Халықаралық конкурсына қатысып, 1- ші сыйлықты және лауреат атағын алды. 1993 жылы Парижде өткен Француз фортепьяналық музыкасының конкурсына жюри мүшесі ретінде қатысты. 1994 ж. Г. Қадырбекова жеке концертпен Париж қаласына шақырылды. Австрияға, Францияға, Венгрияға, Кипрға, Ресейге және Қазақстан қалаларына концерттік сапармен шықты. Қазіргі кезде Г. Қадырбекова Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның арнаулы фортепьяно кафедрасында профессор және К. Байсейітова атындағы музыкалық колледждің арнаулы фортепьяно факультетінің деканы.

Tолығырақ
 
Шамғон  Қажығалиев

Шамғон Қажығалиев(1927ж.)

Қажығалиев Шамғон - дирижер. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1927 жылы Орал облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін, Ленинград консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді.

Tолығырақ
 
Тәттімбет   Қазанғапұлы

Тәттімбет Қазанғапұлы(1815-1862)

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - күйші, домбырашы “шертпе” күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі. Тәттімбет тақырыбы әрқилы “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сары өзен”, “Терісқақпай”, “Былқылдақ”, “Боз айғыр”, “Балбырауын”, “Қара жорға” және т. б. Тәттімбет күйлері лирикалық негізді тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді.

Tолығырақ
 
Бақыт  Қарабалина

Бақыт Қарабалина(1939-1991)

Қарабалина Бақыт (1939-1991) - домбырашы. Қазақстанның халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Атырау облысында туған. 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың класы бойынша) бітірді.

Tолығырақ
 
Мақалым  Қойшыбаев

Мақалым Қойшыбаев

Қойшыбаев Мақалым (1926-1986) - композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Доцент В.В. Великановтың композиция класы бойынша Алматы консерваториясын бітірген. Қойшыбаев өзінің шығармашылық қызметін 13 жасында орындаушы болып бастаған, ол Радиокомитет жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде ойнаған.

Tолығырақ
 
Зейнеп  Қойшыбаева

Зейнеп Қойшыбаева(1937ж.)

Қойшыбаева Зейнеп - әнші. Қазақстанның халық артисі. 1937 жылы Алматы облысында туған. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының вокальдық студиясын бітірген.

Tолығырақ
 
Ақан сері Ақжігіт Қорамсаұлы

Ақан сері Ақжігіт Қорамсаұлы(1843-1913)

Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 – 1913) – ақын, композитор. Ақан лирикалық әндерді, виртуозды орындаушы, танытушы ақын композитор. Ол “Сырымбет”, “Мақпал”, “Қарамар”, “Ақ көйлек”, “Ақтоқты”, “Перизат”, “Ай көк”, және т.б. көптеген лирикалық әндердің авторы. Оның әндері мен суреттерінде бүркіт салған аңшылық кез, алыс жерлерге саяхат, жалғыз аттының бейнесі бар.

Tолығырақ
 
Абай  Құнанбаев

Абай Құнанбаев(1845-1904)

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді.Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады.

Tолығырақ
 
Ғарифолла  Құрманғалиев

Ғарифолла Құрманғалиев(1909-1993)

Құрманғалиев Ғарифолла (1909-1993) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орал облысында туған. Оның творчестволық қалыптасуына халық композиторы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқы үлкен ықпал еткен.

Tолығырақ
 
Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ