Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Н.Әбдіровтің ескерткіші

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра

Асыл мұра

Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.

 

Заманауи музыкалық өнер

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
Шанақ  Ауғанбаев

Шанақ Ауғанбаев(1912ж.)

Ауғанбаев Шанақ - сыбызғышы. 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Сыбызғыда ойнауды бала кезден бастаған. Оның алғашқы ұстазы белгілі сыбызғышы Шерубай. Ол Шанақтың творчестволық тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті және күйлерді орындау жөніндегі өз өнерін табыстады.

Tолығырақ
 
Қаршымбай  Ахмедияров

Қаршымбай Ахмедияров(1946ж.)

Ахмедияров Қаршымбай - күйші, композитор. Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Парасат” орденінің кавалері. 1946 жылы Гурьев облысында туған. Алматы консерваториясын, халық аспаптар факультетін (К. Мұхитовтың класы бойынша) бітірген. Ол домбырашы, концертмейстер, Құрманғазы атындағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік Кеңесінің мүшесі.

Tолығырақ
 
Мәрия  Ахметова

Мәрия Ахметова(1921ж.)

Ахметова Мәрия - музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1921ж. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тарихи теориялық факультетін, мұнан соң П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген.

Tолығырақ
 
Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы(1939ж.)

Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы. 1939 жылы ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырушысы және тұңғыш жетекшісі. Қазақ ССР-нің халық артисі Б. В. Лебедев (1939-1941жж.). 1954 жылы ұжым қайтадан құрылған, 1958 жылға дейін оған қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі. Г. Е. Виноградова, мұнан соң ұзақ жылдар бойына ССРО-ның халық артисі А. В. Молодов басшылық жасады. Қазіргі кезде оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Б. Демеуов болып табылады. Ұжым репертуарында қазақтың халық әндері, күйлер, қазақ композиторларының шығармалары, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бар. Хор капелласы үшін композиторлар Б. Байқадамов, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Б. Жұманиязов, Қ. Қожамияров, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Л. Хамиди және тағы басқа шығармалар жазды.

Tолығырақ
 
Қайрат  Байбосынов

Қайрат Байбосынов(1950ж.)

Байбосынов Қайрат - әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі. 1950 жылы Жезғазған облысында туған. 1969 жылы қазақтың эстрадалық студиясын бітірді. Оның >ұстазы атақты әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР-нің халық артисі Жүсіпбек Елебеков. Шығармашылық жолы “Гүлдер” жастар ансамблінен басталған. Жас әншінің мақпалдай жұмсақ, жайлы баритон даусын Қали Байжановаса жоғары бағалаған.

Tолығырақ
 
Жаяу Мұса   Байжанұлы

Жаяу Мұса Байжанұлы

Мұса Байжанұлы (1835-1929) - композитор, ақын. Балалық шағында Мұса домбырада, қобызда, сырнайда, скрипкада ойнаған. Жаяу Мұсаның шығармашылығы халық музыкалық дәстүрімен тығыз байланыста дамыған. Жаяу Мұсаның көптеген өлеңдері автордың азаматтық поэзиясына сәйкес келеді.

Tолығырақ
 
Күләш  Байсейітова

Күләш Байсейітова(1912-1957)

Байсеітова Күляш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған.

Tолығырақ
 
Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ