2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Абдуллин Ришат (1916-1988) - әнші (баритон). ССРО халық артисі, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматы музыкалық техникумын (қазір музыкалық училище), Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясын (А.И.Вишневскийдің класы) бітірген.
1939 жылдан Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Р. Абдуллин жасаған вокальды- сахналық бейнелер қазақ опера өнерінің тарихына кірді.
Оның ең жақсы опералық партиялары:
Р.Абдуллиннің ән репертуары кең және әрқилы, оған Қазақстан территориясында тұратын көптеген халықтардың әндері кіреді. Ол - өз өнері арқылы көп көңілінен айрықша орын алған тұлға.