Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Жаманова Роза

Роза Жаманова

Роза  Жаманова

Жаманова Роза - әнші (сопрано). ССРО-ның халық артисі. 1928ж. Ақтөбе Қаласында туған. 1954 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді.

Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері.

Аудио автораБарлық аудио материалдар

«Абай» операсынан Ажардың ариясы» - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.

 

«Абай» операсынан Ажардың ариясы» - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.