Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Есік қорымы   (XIX ғасыр)

Биржан-сал

Биржан-сал

Біржан Тұрлыбайұлы Қожағұлов (1834-1897) композитор, ақын. Домбыра құлағында ойнайтын, айрықша талантты Біржан кішкене кезінен-ақ халық арасында белгілі болады. Біржан шығармашылығының басты тақырыбы махаббат.

Оның “Айтбай”, “Ғашығым”, “Ғашық жыр”, “Жамбас сипар” әндері ерекше шынайылығымен, сезімге құрылғандығымен, лиризмімен дараланады. Біржан шығармашылығының мәні-халықтығында, тақырыбының әрқилылығында, түрінің жаңбалығында. Біржанның әндері халықтың ән өнерін жоғары деңгейге көтерді, өлеңдер мен айтыстардың орындалуына жаңа көркемдік мәнер енгізді. Біржанның өмірі мен шығармашылығы “Біржан мен Сара” сияқты танымал қазақ операсына арқау болған. Осында оның әндерінің барлығы дерлік орындалады. “Аңыздар” тарауында Біржанның “Жанбота” әнінің туу тарихы баяндалған.