Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Шілікті қорымы   (V - VI ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Дүйсекеев Кеңес

Кеңес Дүйсекеев

Кеңес  Дүйсекеев

Дүйсекеев Кеңес- композитор. 1946 жылы Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген.

Дүйсекеевтің музыкасында қазақтың ұлттық дәстүрі қазіргі замандық музыка тілімен үндесіп, жаңа сипатқа ие болады. Композитор қолтаңбасының айрықша қасиеттері көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде. Оның шығармашылығының бұл ерекшеліктері мына дүниелерінде анық белгі береді: Камералық оркестрге арналған “Жайлаудағы таң”, “Көшу”, хор капелласына арналған “О, туған жер”. Дүйсекеев ән жанрында да өз бағын сынап, халық жүрегінен жол тапты. Оның әндерін жас та, кәрі де ықыласпен тыңдайды. Оның “Сәлем саған, туған ел” әні эстрада жұлдыздары Р. Рымбаева мен Н.Есқалиеваның репертуарынан белді орын алған.