Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Мавзолей Кетебая

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Сағырбайұлы Құрманғазы

Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы  Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат-тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе Құрманғазы күйін тыңдаңыз.

Оның “Сары-Арқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады.Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ тойларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы жазыҚсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның “Сары-Арқа”, “Алатау”, “Бұлбұлдың құрқұры” атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, “Кішкентай”, “Төремұрат”, “Адай” күйлері батырлар бейнесін “Қайран шешем”, “Қызыл қайың”, “Кісен ашқан” күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған.

Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батыс Қазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді. “Аңыздар” тарихында Құрманғазының “Сары-Арқа” күйінің шығу тарихы берілген.