2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Хамиди Латыф (1906-1983)- композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің класы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген.
Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “ Жамбыл ” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы-этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды.