2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Маңғытаев Мыңжасар - композитор. 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық - бояулы мәнеріне вокальдық және халықтық - аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән.
Маңғытаевтың мәнері әсіресе, “Қозы мен Баян” балетінде, “Арман”, “Құлагер” симфониялық поэмаларында “Шексіз махаббат” ораториясында, “Ақсақ құлан”, “Жайлауда”, “Қаратау әуендері” сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған “Не іздейсің көңілім” әні тек кәсіби орындаушыларға ғана емес, халық арасында да жақсы мәлім.