Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Ботай мекені

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Тілендиев Нұрғиса

Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса  Тілендиев

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998)- дирижер, композитор, домбырашы, ССРО және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы) бітірген.

1981 жылы “Отырар сазы” қазақтың мемлекеттік фольклорлық - этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің соңына дейін соған жетекшілік етті. Тілендиев - “Алтын таулар” (Қ. Қожамияровпен бірлесіп) операсының, “Достық жолымен” (Л. Степановпен бірлесіп) балетінің, “Ата толғау”, “Аққу” оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен романстардың авторы. Тілендиев 100 спектакльге, көркемдік құжатты және мультипликациялық фильмдерге музыка жазды. Тілендиев шығармаларынан қазақтың халық музыкасына тән әуезділік, лиризм,азаматтық пафос пен динамизм ерекше үндестік тапқан.

Аудио автораБарлық аудио материалдар

«Ата толғау»- Н. Тілендиевтің күйі, орынд. Фольклорлық-этнографиялқ «Отырар сазы» оркестрі

 

«Аққу» - Автор және орынд. Н. Тілендиев.