2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Рақышев Дәнеш (1926-1992)- әнші, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ән мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Оның әкесі-әнші, домбырашы, сырнайшы болған. Д. Рақышев әнші ақындар Әсетпен, Шашубаймен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды.
Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б. Майлиннің “Шұға” спектакльдеріндегі Әбдірахман, М. Әуезовтың “Еңлік-Кебегіндегі”, Жапал, Қалқаманның бейнелерін жасады. 1959 жылы Қазақстанға келген соң Талдықорған халық театрына басшылық жасайды, 1968 жылдан Талдықорған облыстық филармониясының солисі. Оның репертуарында қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар әндері бар. Олар: “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Жас Қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Сұржекей” және тағы басқа.