Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Тоқтауыл тұрағы   (III - IV BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Бәйтереков Сейдолла

Сейдолла Бәйтереков

Сейдолла  Бәйтереков

Бәйтереков Сейдолла (1945-1998) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.

1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін “Саз” дыбыстық жазба Мемлекеттік студиясының директоры болып қызмет атқарды. С.Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.