Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Теміржолшылар мәдени үйінің ғимараты

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Әбілтаев Шәміл

Шәміл Әбілтаев

Шәміл  Әбілтаев

Әбілтаев Шәміл- домбырашы, композитор-күйші. 1948 ж. Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Қ. Жантілеуов пен К. Мұхитовтың домбыра класын) бітірген.

1944 жылдан - Құрманғазы атындағы Халықаралық қор Президенті. Әбілтаев домбырада төрт жасынан бастап, ойнап келеді. Бірінші ұстазы - әкесі болған. Әбітавқа домбырашы ретінде қалыптасуына Көшелі, Кәмеш, Серкебай сияқты белгілі күйшілер үлкен ықпал еткен. Ол Құрманғазы, Дина, Абыл, Мәмен күйлерін сауатты орындайды. Соңғы жылдарыры композитор ретінде де таныла бастады. Ол – Қазақстандықтарға жақсы танымал күйлер мен әндердің авторы.

Оның “Заман-ай”, “Домалақ ана”, “Шақшақ Жәнібек” сияқты күйлері, “Күй ата”, “Ордабасы”, “Аңсау”, “Өріккүл” сияқты әндері көпшілікке белгілі.