2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991)- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
Мұхамеджановтың қаламынан ірі хорлық және вокальды - симфониялық, шығармалар, поэмалар мен сюиталар, камералық шығармалар, әндер, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған әуендер туындады. Оның музыкалық шығармашылығының шоқтығы - “Айсұлу”, “ЖұмбаҚ қыз”, “Ақан сері- Ақтоқты” опералары, “Ғасырлар үні” “Шаттық Отаны” симфониялары, әртүрлі аспаптарға арналған концерттер. С. Мұхамеджанов қандай жанрға қалам тартпасын, оның өзіндік көркемдік қағидасы, фольклормен байланысы, қазақ музыкасының лирикалық-эпикалық дәстүріне сүйенуі анық аңғарылып тұрады.