Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Талдысай қонысы   (XX - XXI BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Байжанұлы Жаяу Мұса

Жаяу Мұса Байжанұлы

Жаяу Мұса   Байжанұлы

Мұса Байжанұлы (1835-1929)- композитор, ақын. Балалық шағында Мұса домбырада, қобызда, сырнайда, скрипкада ойнаған. Жаяу Мұсаның шығармашылығы халық музыкалық дәстүрімен тығыз байланыста дамыған. Жаяу Мұсаның көптеген өлеңдері автордың азаматтық поэзиясына сәйкес келеді.

“Ақсиса”, “Хаулау”, “Толғау”, “Сүйіндік” т. б, композитор шығармашылығында лирикалық әндер де жоқ емес. “Шолпан”, “Сәлем, қыздар”, “Гаућар Қыз” сол топқа енеді, туған жер табиғатына арналған әндері: “Баян ауыл”, “Ұлытау”, “Қаршыға”, “Көгершін” жӘне т. б. Жаяу Мұса сондай-ақ, “Қыз күйі”, “Қызбаланың күйі”, “Қамшылау” сияқты күйлердің авторы. Ол, сонымен қатар, бізге бай әдеби мұра қалдырды. Бүгінгілерге танымал “Олжабай батыр” лирикалық поэмасынан басқа көптеген өлеңдері бар. Халық арасында Мұсаның көптеген қанатты сөздері бар. Жаяу Мұсаның бейнесі З.Ақышевтың осы аттас романында толық ашылған.