Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Бөріжар

Бозоқ  XIII - XIX ғасыр

 

Әрбір қаланың белгілі бір уақыт үзінділерінде: ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасатын өзінің тарихи аймағы болады. Қазақстанның жас астанасы – Астана қаласының мыңдаған жылдардан астам тарихы бар. Бұл 8 жылдың жазы бойы (1999 – 2007) орта ғасырлық Бозоқ қалашығында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Есіл стационарлық археологиялық экспедициясының жұмыстарымен дәлелденген.

 

Қазіргі кезде археологиялық объект Астананың қалдық аймағында қалған. Астананың бас жоспары бойынша Бұзұқты көлінің арғы жағынан астананы сыртынан айналатын дөңгелек жол өтеді. Қаланың диаметрі 32 км. Ескерткіштің территориясы қаланың басты остерінің бірінде болып, архитектуралық құрылысына керемет сайып тұр: өткені (Бозоқ), қазіргі кезде (орталық ауданы Ақ-Орда), келері (университеттік қалашық).

 

Мыңдаған жылдар бұрын Жоғарғы Есіл жағалауындағы Қараөткел өткелінде кішігірім әскери тұрақтың пайда болуы, ең алдымен бұл жерде сауда жолының түйіскен торабы болғандығымен дәлелденеді. Бозоқ қалашығы Сары–Арқаның ортасында солтүстік сібір бассейні өзендерінің (Есіл, Сілеті, Шедерті) және Орта Азиялық (Нура, Сарысу) өзендерінің салалары түйіскен жерде орналасқан. Бұл жер шаруашылық иеліктерге, әскери стратегиялық плацдармға, сауда жолдарын бақылауға арналған бірегей орын. Бозоқ қалашығы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзұқты көлінің шығыс жағалауында орналасқан.

 

Қалашықтың орнында екі қорғаныс сызықтары байқалады. Сыртқы сызық бұл Бұзықты көлінің табиға су құбыры мен болта жүйесімен қоршалуы. Ішкі сызық табиғи және жасанды қорғаныс тізбектерінен тұратын қалашықтың қоршауы ескерткіштің есіл өзенінің төменгі даласында және болоталы аймақта орналасуы тек қана қорғанушылық стратегиялық мақсатпен ғана емес, сонымен қатар шаруашылық факторлары да орын алады. Бозоқ қалашығының ортағасырлық тұрғындары егін шарушылығымен айналысатын арнайы канал, арық, дуал немесе реттер түрінде қойылған суару жүйелерінен байқауға болады.

Қалашықтың құрылымдық ұйымдастырылуы Бозоқ қалашығы 400х200 м ауданда солтүстіктен оңтүстікке созылған үш негізделген топтан тұрады (орталық, солтүстік және оңтүстіктен) Қалашықтың орталық бөлігін 150х120 аудан алаңды алып жатқан үш төртбұрышты әбзелдер құрайды. Әрқайсысы дуалмен қоршалған кварталдар бір-біріне тіркесіп тұрады.

 

Үш кварталдың түйіскен жері қалашықтың орталық бөлігінде батыстан шығысқа созылған тік бұрышты алаң кездеседі. Оның мөлшері 60х17, биіктігі 1,8 м. Биіктіктің жоғарғы жағында бірнеше ойықтар кездеседі, батыс жағынан күйдірілген кірпіштің төрбұрышты шығындары табылған. Бұл биіктіктің басқа құрылымдарға қарағанда қалашықтың ең басты қасиетті орталығы болғандығы қазба жұмыстары басталмай-ақ белгілі болған. Бұл болжам зерттеу барысында дәлелденді. Жерлеу қабірі құралдарының қызықты кешені қалашықтың орталық бөлігінен солтүстікке 70 м-дей жерде байқалады. Бұл мөлшері 55х18 м , биіктігі 1 м болатын дөң. Оның бетінен тереңдігі 2 м болатын үш төртбұрышты шұңқыр көреміз. Олардың арасындағы ең ірісі (25х6) солтүтік-батыстан оңтүстік шығысқа созылып жатыр. Кешен құрылыстарына солтүстік-батыстан доғал тәрізді шұңқыр келіп тіреледі, одан төменге өлге қарай арық қазылған. Дөңнің шығыс жағынан мөлшері 6х4 м биіктік байқалады. Қазба жұмыстары процесінде белгілі болғандай бұл шикі кірпіштен салынған мазардың қалдықтары екен.

 

Үшінші құралдар кешені қалашықтың оңтүстік кварталынан 27 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ол екі шағын топырақ үійнділерімен, індер қазылып тасталынған ұзақтан-ұзақ созылған шұңқырлардан тұрады. Үйінділердің мөлшері: оңтүстіктегісі – 23х7 м, солтүстіктегісі – 14х5 м, ал олардың биіктіктері сәйкесінше 0,9 және 0,5 м. Шұңқырларға келсек, олар ертеректегі жерлеулер болуы да мүмкін.

 

Қалашық территориясында күйдірілген немесе шикі кірпіштен тұрғызылған 5 кірпіш мавзолейлерінің негздері зерттелді. Обалардан табылған кірпіш стандарттары мен заттары XI – XV ғғ.. көрсетеді. Мавзолейлердегі жерлеулерден басқа біз шұңқырлы жерлеулер мен басқада обаларды зерттедік. Барлығы 49 оба қазылды. Бозоқ некрополінің жерлеу құралдарының алғашқы топтауы жасалды.

 

Заттар арқылы XIII – XIV ғасырлардағы жерленгендер тобы бөлінеді. Осыған байланысты Қазақстан даласындағы исламның таралу мәселесі қызығушылық тудырады. XIV ғасырда ислам діні ресми түрде Алтын Орданың мемлекеттік діні болып қабылданғанына қарамастан Қазастанның түпкі далалы аймақтарында пұтқа табынушылық салты бойынша жерлеу жалғаса берді: киіммен, о дүниелік тамақтармен: жылқының бас сүйектерімен жауырындары, бөлшектелген сүйектері, қолардың толық скелеттері, алдыңғы аяқтарының түтік тәрізді сүйектері кездеседі. Уақыты белгіленген темір оқ ұштарымен, қола айнамен, күміс тыйынмен, күміс ыдыспен және әшекей заттарымен белгіленген.

 

Ескерткіштің құрылымын орталық үш кварталдан басқа солтүстік бөлігінде тұрғын үй және шаруашылық құрылыс кешендері, оңтүстігінде – некрополь құрайды. Жалпы ескерткштің функциясын анықтауда біз келесі көрсеткіштерге сүйене аламыз. Тұрғын үй кешендерімен өндірістік алаңдарының үйлесуі, оны ұзақ мерзімді өмір сүретін орын ретінде көрсетеді. Қорғаныс бекіністері мен мәдени мемориалды кешендердің болуы ескерткішті қала типті кент ретінде көрсетеді.

 

Қазіргі кезде қалашық территориясында заттар мен стратиграфиясына қарағанда хронологиялық кезеңге жатқызалатын 5 жерлеу қабірлерінде қазба жұмыстары жүргізілді. Олардың біреуі оңтүстік кварталға кіре берісте орналасқан және ешбір күмәнсіз қалашық толық бос болғаннан кейін ғана пайда болған. Біреуі № 3 тұрғын үйдің құлаған балшықты қабырғаларын тазалаған. Оба шұңқырының белгілері тіпті жоғарғы 20 см алғаннан кейін-ақ пайда болды. Барлық бес жерлеулерде ат әбзелдеріне қарағанда және әшекей заттарына қарағанда XIII – XIV ғ. жатқызылады.

 

Бұл жерде өмір Қазақ хандығы кезеңінде де жалғасқан болар. Біз мұсылмандық салтпен қойылған жерлеулерді аштық: өлгендер бастарымен батысқа, беттерімен оңтүстікке, жерлеу заттарынсыз қойылған.

 

Сөйтіп, бұл жерді тұрғындары тастап кеткеннен кейін көптеген ғасырлар бойы Нұра – Есіл аралығының мәдени орталығы болып келді. Мұнда тұрғын үйлер мен өндірістік конструциялардан басқа шикі кірпіштен салынған мовзалейлер, мазарлар, қабірлер ашылған. XIII – XІV ғ. алтынордалық көмбелер қазылды. Ең соңғы жерлеулер XVII – XVІII ғасырларға жатқызылады. Уақыты Кузнецтік фарфордың фрагменттеріне қарап қойылған.

 

Бозоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін оның ертедегі дерегі ретінде маңызы өте зор. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында әскери бөлімшелердің пайда болуы геостратегиялық факторман байланысты, ол далалы Жібек жолының керуендерін бақылауға арналған болуы мүмкін. Бозоқ қалашығы оның территориясындағы мовзалейлер концентрациясына қарағанда ортағасырлық Нұра – Есіл ауданы халқы үшін рухани Мекке қызметін атқарды десе де болады.