Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Есік қорымы   (XIX ғасыр)

Ғылым академиясы 

 

Қазақ ССР ғылым Академиясының ғимараты 1948-57 жылдары салынған, сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ғылым Академиясының ғимарат кешені Алматы қаласындағы Шевченко 28 көшесінде және Шевченко-Кұрманғазы -Қонаев-Пушкин көшелерінің шаршы аумағында 3,0906 га жер телімін алып жатыр. Қазіргі уақытта ғимарат кешенінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасы, 18 ғылыми-зерттеу ұйымы, ағарту бағдарламасы бойынша 3 ұйым жұмыс істейді.

Республикада ғылымының бас штабын ашу идеясы ғылым Академисының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа тиесілі. Қ.И.Сәтпаев жалпы Академияның негізгі даму ережесі және болашақта оның жекелеген ғылыми мекемелерін, сондай-ақ барлық кешеннің орналасу аймағын зерделеп жасап, құрылымын ойластырды. Қаныш Имантайұлы Академия ғимараты адамзат ойының кемеңгерлігін, республика ғылымының ауқымды міндетін білдіреді деп болжады. Кешеннің бас жобалаушысы әйгілі сәулетші, фундаменталист, көптеген ғимараттардың, Мәскеудегі Ленин мовзолейының жеке авторы академик Алексей Викторович Щусев. Жұмыс тобының және қатардағы сәулетші-жобалаушылардың жетекшісі болып осы салада майталман маман инженер А.И.Простаков сайланды.Тұтқындағы жапондықтар жұмыс күші ретінде пайдаланылды. Ғимарат сәулетіне ұлттық орнаменттің калассикалық және арнайы элементтері пайдаланылған. Кешеннің шығыс қанатында табиғат Мұражайы бар. Ол зоология институтының құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Мұражайға ғылым Академиясының бас кіреберіс есігі арқылы кіруге болады. Мұражайдың экспозициясы ғасырлар қойнауындағы сырды ақтарып, келушілерді палеонтология және зоология ғылымдарының құпияға толы әлеміне саяхат шектіреді. Ғимараттың оң қанатында 5,3 млн. бірлік қоры бар Орталық ғылыми кітапхана орналасқан. Ол кешеннің кітап сақтау қоймаларына арналған екі павильонын алып жатыр. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары сәулет ансаблін құру үшін ұзақ жұмыстар жүргізілді. Ғылым Академиясының көлемі он екінші ғасырдағы қазақ этнограф ғалымы Шоқан Уәлихановтың сегіз метрлік ескеркішінің пішініне салынып, сәулет және пластиканың біріккен қосындысынан салынды. Қоладан құйылған фигура, фонтандар, химия, металургия және байыту институттарының ғимараттары тамаша сәулеттік ансамбль құрып тұр. Ғылым Академиясының Пушкин көшесінде 1979 жылы салынған «Шығыс күнтізбесі» атты фонтан бар. Қоладан құйылған аллегориялық фигуралар шығыс күнтізбесінің кейіпкерлерін бейнелейді. 1981 жылы ғылым Академиясының оң жағынан «Ғалымдар үйі» салынған. Ғимарат кешені азаматтық сәулет өнерінің үлгісі болып есептеледі. Академия ғимараты жоспарлы түрде 11 павильонға бөлінген. Оның тоғызында институттардың қызметтік және жұмыс кеңселері, орталық ғылыми кітапхана орналасқан. Үшінші павильонда орталық вестибюль, гардеробтар, конференц-зал және жалпыға ортақ басқа да кеңселер орналасқан.