2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Құрылыс салу барысында әртүрлі материалдар қолданылған. Мысалы, мешіт, мұнара-минареттен, қақпа мұнарасы тянь-шань тасынан салынған, медресе іші кірпіштен қаланған. Портал мен жабыса салынған үшбұрышты бөлмелер-стилобаттан, қоршау болса күйдірілген кірпіштен салынған.
«Жаркент мешіті» сәулет көркем мұражайы - қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Құрамына: мешіт, мұнаралы қақпа, кіші мешіт-медресе, сыртқы қақпа, тас қоршау секілді нысандар кіреді. Құрылыс қытай шебері Хон Пиканың бастамасымен салынған. Құрылыс шебердің нұсқауы бойынша жобасыз салынған, кіші мешіт медресе мен тас қоршаулар 1903-1905 жылдары салынған.