2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Ескерткіштің уақыты 1846 ж. Ескерткіштің мекен-жайы Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 ш.
Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбезі. Сыртқы шеңбердің диаметрі –7,6 м ішкі шеңбердің диаметрі 6,2 м. Басты қабырғасының биіктігі 6,4 м күмбез барабанының биіктігі –1,8 м, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі 5,2 м, кесененің жалпы биіктігі –12,2 м.
Кесененің есігі ағаштан жасалған, лактелінген. Мазарға кіре берістегі баспалдақ жанына биіктігі 1 м, қалыңдығы 0,5 м. ұлутаспен қапталған жақтау салынған. Авторы – Көпбол Демесін.