Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Аяқ-Қамыр кесенесі

Н.Әбдіровтің ескерткіші 

 

Әйгілі жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің ескерткіші 1958 жылы Қарағандының орталығында орналасқан. Нұркен Әбдіров – Қарқаралы ауданының тумасы, 1919 жылы туған. Нұркеннің өмірбаяны әдеттегі өзінің қатарластарынікі секілді. Қарағанды қаласында оқып, өмір жолын бастаған. Өндірістен кейін үздіксіз арнайы курсты бітіріп, ұшқыш-штурман болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Отанын ерлікпен қорғады. 1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлік көрсетті.

 

Оның ұшағына жаулардың снаряды тиген кезде ол өртке оранған ұшағын жаулардың механикаланған аймағына бағыттады. Өжеттілігі мен ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры деген атаққа лайық деп табылды.

 

1958 жылы Қарағанды қаласының комсомолдары қала орталығында өз қаражаттарына Нұркен Әбдіровке ескерткіш орнатуға шешім қабылдады. Ескерткіштің ең үздік жобасына байқау жарияланды.

 

Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровты штурвалдың артында бейнелеген Қарағанды мүсіншілері Ю.Гуммеля, А.Билыканың жобалары қабылданды.

 

Ескерткіштің жалпы биіктігі– 48 м, ені 1,5 м, ұзындығы 1,2м, фигураның биіктігі 1,7 м. Қоладан құйылған.

 

 

Негізгі библиография:1. Якимов Г.В. «Пике бессмертия» Алма-Ата, 1965 г.