Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі   (XV ғасыр)

Алаша хан кесенесі 

 

Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.).

1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды. «Алаш» термині ежелгі кезеңде қолданылған, яғни ру-тайпалар бөлінбей, ортақ мал ұстаған кезеңде. Бұл ежелгі түрік сөзі, - «туған-туыс, ниеттес» дген мағынаны білдіреді.Дұрысын айтқанда, «алаш» - қазақтың өз аты. «Алаш» сөзі бірнеше мағынада түсіндіріледі. Солардың дәлелденген бірі «Алты алаш» сөзі –Оғыздың алты ұлының соңынан ерген алты тайпа деген мағынада айтылады. Алтын Орда құлаған соң «Алаш» көшпелі қазақтарды біріктіретін ұранға айналды. Белгілі тарихшы Ж. О. Артықбаев " Материалы к истории правящего дома казахов" атты кітабында Алаш хан туралы сан түрлі аңыздарды салыстыра отырып, М.Ж.Көпеевтің нұсқасын толық деп тапты. "Алаш ханға дейін қазақтар біртұтас ел әрі мемлекет болған жоқ, және басқа халықтар оларды осы дәрежеде бағалаған жоқ. Бөтен баланы басқарушы етіп тағайындай оырып, олар оның атын ұрыс кезінде әскери ұран ретінде бағалаған. Олар жауға осы ұранмен шабуыл жасауға серттесті. Ал, осы атты айтпайтын адам, туған әкесі болса да, жауындай өлтіруге рұқсат етілді. Сол кезден мынадай сөз қалған: "Алаш Алаш болғанда, Алаш хан болғанда, біздің үйіміз ағаш киіз үй болғанда, Алаштың аты біздің ұранымызға айналғанда, сонда біз үш жүздің балалары қазақ атандық..."