Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қара сопа   (XVIII ғасыр)

Аяқ-Қамыр кесенесі 

 

Орналасқан жері: Ұлытау ауданы, Жезді ауылынан солтүсік бастысқа қарай 9м қашықтықта. Автор, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. Кесенені алғаш рет 1946 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық Қазақстан археология экспедициясы зерттеді. /Ә.Х.Марғұлан/ 1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу мен фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев).

Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады. Негізгі библиография: 1.Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сарысу. Вестник АН КазССР, 1947,№7. 2.Г.Г.Герасимов,Памятник архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. Алма-Ата,1957. 3.М.К.Сембин. МавзолейАяк-Камыр /историческая справка/, 1977. Архив НИПМ.