Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Ямышев қақпасы

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Кеңес Одағы батырлары мүсіндері

Кеңес Одағы батырлары мүсіндері 

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Л. И. Беданың мүсіні.

Мүсінші Д.П.Шварц, 1951 жыл. Қостанай қаласы, Пушкин көшесі 98. Мүсін қоладан құйылған, цилиндр формалы гранит тас тұғырға орнатылған. Л.И.Беда үздіктік белгісі тағылған әскери формада бейнеленген. Леонид Игнатьевич Беда Қостанай облысы Ленин ауданы Ново-Покровка ауылында туған. 1920 жылы мұғалім болған.

 

1940 жылдан Кеңес Армиясының қатарында болған. Чкалов әскери-авиациялық училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде ұшқыш қызметін бастады, соғыстан кейін – штурмолық авиаполк командирінің көмекшісі болды. 200-ден астам жауынгерлік ұшу тапсырмасына қатысты.

 

Жаулармен ұрыста көрсеткен жау жүректігі мен батылдығы үшін СССР Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен 1944 жылы 26 қазанда Леонид Игнатьевич Бедаға Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

 

СССР Жоғары Кеңесі Президиумы 1945 жылы 29 маусымда коммунист Л.И.Беданы «Алтын Жұлдыз» екінші медальмен марапаттады.

 

Л.И.Беда соғыстан кейін Краснознаменная әскери-әуе академиясын бітірді. Кейін генерал – майор Л.И.Беда Кеңес армиясының қатарында қызметін жалғастырды. 1976 жылдың желтоқсанында Л.И.Беда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.  

 

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Иван Фомич Павловтың мүсіні 

Мүсінші Д.П.Шварц, 1952 жыл. Мүсін қоладан құйылған.

 

Иван Фомич Павлов (1922 – 1950 жж) шаруа отбасында дүниеге келген.

 

Чкалов әскери-авиациялық училищесін бітіріп, 1942 жылдың маусымында майданға барады. И.Ф.Павлов соғыс кезінде 250 әскери ұшу операциясына қатысқан. 1944 жылы 4 ақпанда «Ұлы Отан соғысының I дәрежелі» орденінің иегері, екі Қызыл Ту орденінің иегері. Иван Фомич Павлов Кеңес Одағының батыры болды.

 

1945 жылы 23 ақпанда СССР Жоғары Кеңесі Президиумы коммунист И.Ф.Павловты екінші «Алтын Жұлдыз» медалымен марапаттады.

 

Соғыстан кейін И.Ф.Павлов М.В.Фрунзе атындағы әскери әуе академиясына жіберіліп, 1949 жылы аяқтайды.

 

1950 жылы 12 қазанда И.Ф.Павлов қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болады.