Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Қ.А. Яссауи кесенесі   (XIV - XV ғасыр)

Арал ескерткіштері XIII - XIV ғасыр

 

Археологияның тағы бір жарқын ашулары «Арал катастрофасымен», оның шекарасының тарылуы мен суының тартылуымен байланысты. 2001 жылы кеуіп кеткен теңіз табанында тас пен қыштан тұрғызылған кесене табылды. Кесене құрылысы XIV ғ. жатқызылды.

 

 

Арал теңізінің табанындағы ескерткіштерге деген назар 2004 жылы қайта жанданды. Мұнда ортағасырлық қалашық пен мазарат табылды. Арал – бірегей бассейн, жан-жағында шөлдер орналасып, мұхитпен байланыспаса да теңіз аталады. Аридтік аймақтың тұйық бассейндерінің көпшілігі сияқты Арал да тұрақсыз деңгейлі. Деңгейдің өзгеруімен қатар, оның ауданы, көлемі және минералдануы да өзгеріп тұруы табиғи нәрсе. Алайда, мұндай ауқымды бассейннің өмір сүруі, оның деңгейінің ондаған метрге ауытқуының басты факторы, Орта Азияның ірі өзендері – Әмудария мен Сырдарияның Аралға құятын суының көлемі мен ұзақтығына тікелей байланысты. Бұл жағдай, өзендер Орта Азияның жазығымен көшіп жүріп Арал ойпатына жетпеген кездерінде, онда эол процестері басым болғандығымен дәлелденеді. Әмударияның ұзақ мерзімге Сарықамысқа бұрылуы Темірдің Хорезмді жаулап алуымен байланысты болды. оның әскерлері көптеген қалалар мен ирригациялық жүйелерді толық жойды. Нәтижесінде Әмудария Сарқамыс ойпатына қарай ағып, оны толтырды және қысқа мерзімге Үзбоймен аққан болу керек. Арал деңгейі 43-44 м-ге төмендеді. Бұл XIV ғ. аяғында болған жағдай. Бірақ, XV ғ. Сарықамыс көлінің деңгейі 10 м-ге төмендеп, кейін қайта 30 м-ге көтерілді және осы деңгейде немесе осыған жақын деңгейде ұзақ уақыт тұрды.

 

Шартты түрде Арал-асар деп аталған қалашық Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 370 км қашықтықта орналасқан Қаратерең ауылынан 65,2 км жерде. Қалашықтың жалпы ауданы 6 га-дай. Бетінен көптеген шаруашылық заттар: диірмен тастары, керамикалық ыдыстар мен олардың сынықтары, темір және қола бұйымдардың бөліктері, 14 ғ. ортасына жататын күміс теңгелер табылды.

 

Қалашық маңындағы мазаратта орналасқан кесене қалдықтары қызықты. Құрылыс биіктігі 1,6 м жайылған төбе түрінде сақталған. Қазба жүргізгеннен кейін ортағасырлық кесене аршылды. Көлемі, құрылыс материалдары мен архитектуралық әдістері бойынша ғимараттың бұл түрін қасбетті кесенелерге жатқызуға болады. Мұндай ғимараттардың порталы тамаша шыңылтырлы тақталармен әшекейленген. Жанындағы есіктері бар жоғына қарамастан, мұндай кесенелер тек бір жақтан келіп, қабылдау үшін есептелген. Кесене архитектурасын, географиялық орналасуын, жерлеу түрлерін және артефактілерді сараптау негізінде бұл ескерткішті XIII ғ. аяғы – XIV ғ. ортасына жатқызуға болады.

 

Арал теңізінің қайту аймағындағы археологиялық ескерткіштерді мақсатты зерттеу 2004 жылдан басталды. Аймақтың даму ерекшеліктерін ашуға көмектесетін археологиялық ескерткіштер анықталды, қызықты олжалар табылды, ескерткіштердің мәдени-хронологиялық артрибуциясының, сонымен қатар, аталған аймақтағы этномәдени процесстер динамикасының жекелеген мәселелері ұсынылды.