Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Шығыс моншасы   (XVI - XVIII ғасыр)

Айқожа кесенесі XVI - XVII ғасыр

 

Бұл құрылыстың фундаменті ретінде күйген кірпіш тұр, оның жалпақтығы 20см. Фундамент астына 20см тереңдікте тас бетон қойылған фундаменттің жан жағынан 50см қиыршық тас салынған қалаудың материалдық жағдайы қанағаттандырарлық, ешқандай қайта жасау қажетсіз, барлығы жөндеу барысында қалпына келтірілді. Қабырғалар күйдірілген саз кірпіштен қаланды. Қабырғаларының қалыңдығы 1,4 м, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдаланылуға берілді.

«Ақтас» мешіті Қызыл-Орда облысының далалы ауданында орналасқан.

Құрылыс 27х14х6,5см және 26х27х6,5см және 1,5-2см қалың көлемдегі күйген кірпіштен салынған күмбезді құрылыс. Жоспар бойынша жан-жағынан 19х18,6м биіктігі күмбез ұшына дейін 19,5м. Көлемдігі квадрат ұқсас. Күмбез тіреліп тұрған қабырғалар арка болып салынған. Қабырғалары шикі сазбен сыланып ақталған. Құрылыстың салынған уақыты шамамен 1884ж, 1984-1986жылдары ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сазды лаймен кірпіш, қалаудың жекелеген жіктері цементпен бекітілді. Нысан пайдаланылуға берілді.

Қызыл-Орда облысы Шиелі ауданындағы «Асан - Ата» кесенесіне реставрация жұмыстары аяқталды.

Ескерткіш Қызыл-Орда облысының Далалы ауданы Шиелі ауданында орналасқан. 27х15х6,5см және 26х27х6,5см көлемді күйдірілген кірпіштен сазды лаймен салынған күмбезді құрылыс. Жоспарда тікбұрышты портал 3,8м тереңдікте, 6,98 жалпақтықты жалпы ауданы 7,06м биіктігі күмбез үстіне дейін 7,66м төртбұрышты құрылыс. Іштеріне арка арқылы салынған. Ішкі қабырғаларының беті цемент қосылған лаймен сыланған. Нысан пайдаланылуға берілді.

Видео: Айқожа бейіті