Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Бес-Шатыр мазараты

Қалжан Ахун медресесі 

 

Бұл нысан XIX ғ. аяғында салынған медресе Қызылорда қаласының солтүстік батысында 60 шақырым жерде автокөлік тас жолы бойында және темір жолдан 100 метр жерде орналасқан.Қалжан Ахун 1862 жылы Хиуа хандығында дүниеге келген және Хиуа мен Бухараның  рухани оқу орындарында білім алған. Қалжан Ахунаның әкесі Бөлекбай Ақтөбе облысындағы Жамақағлы жеріндегі табын руынан. Жас кезінде Қарақалпақстандағы туыстарының қолында тұрып, Хиуа хандығына қызмет етеді, ол жерде үлкен қызмет атқарады. 1875 жылы дүние салады.

Кішентай Қалжан небары 13 жаста болатын. Жастайынан жетімдіктің азабын көріп жүріп, оқуын жалғастырған. 1889 жылы 27 жасында Кукулдаш медресесінің заң факультетін тамамдап «Ахун » атағын алады. Ол уақытта мұндай аттақа заңды білетін адамдарға ғана емес, сондай ақ шешендер де ие болған.
1890 жылы төменгі Сырдарияға Бухара медресесінде бірге оқыған Кете шөмекей Ораз имамның шақыруы бойынша келіп өмірінің соңына дейін болады. Ол мешіт шаруалардың балаларының сауатын ашып, ағарту жұмыстарымен айналысады. Қалжан ақын Бухарадан білім алып туған жері Сырдария аймағында өз қаражатына мешіт тұрғызады.

Ол халық арасында ақын және қоғам қайратері ретінде белгілі. Оның бастамасы бойынша 1916 жылы осы жобаның зерттеу нысаны болған медресе тұрғызылды. Бұл жерде медреседен өзге ішкі кірпіштен тұрғызылған Қалжан Ахунның өзі тұрған үйінің орны бар. Қазіргі күнде мешітте Қалжан Ахунның жанұясы жерленген. Аймақты тазалау кезінде алғашқы саман медресенің саман қабырғаларының іздері табылды. Бүгінгі күнде барлық осы құрылыс құшағында осы заманғы зираттар орын тепкен. Медресе бір қабатты, дәстүрлі жоспардағы солтүстік батысқа бағытталып салынған. Сарай ортасында құдық бар. Құрылыстың кейбір жерлері күйген кірпіштен салынған. Қалған жерлері 34-31х14х7,5 мөлшердегі кірпіштен салынған. Ескерткіштің жағдайы қауіпті, 1990 жылдары үш бөлмеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кіре берісіне барлық сыртқы қабаты салынған. Басқа бөлмелері (20 дан астам) белгілі мөлшерде бүлінген. Ғимарат 20 бөлмеден және 7 қосымша үйшіктерден тұрады. 44х44 мөлшеріндегі жоспарлы квадрат үлкен қақпасы бар. Қабырға қалаулары күйген кірпіштен және керамикалық плиталармен бөлінген. Мешіт медресе республикалық маңызы бар мемлекеттік ескерткіштер қатарына жатады.

Видео: Қалжан Ахун

 

Видео: Қалжан Ахун медресесі