Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Мерке әулиесі

Молда-Қалан кесенесі 

 

Молла-Қалан кесенесі  Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы Шаған ауылынан 8 км қашыктықта орналасқан. Кесене зиратты4 тап ортасында орналасқан. Кесене  күмбезді, үлкен кіре-беріс қабырғалы стилінде жасалып, қабырғалары 9,25 м болатын тік төртбұрыш пішінде салынған. Кіре-беріс жағында үлкен портал тәрізді есігі болған, бірақ одан тек қана екі тірегі қалған, тіректердің ендері 3,0х1,75 м. Ғимараттың жалпы алаңы 113,3 шаршы метр. Кесененің жалпы биіктігі, күмбезді қосқанда 9,6 метр. Құрылыс көлемі 1087,7 метр куб. Кесене күйдірілген қызыл-сарғылт түстегі кірпіштен қаланған. Қабырғаларының қалындығы 1,0 метр. Күмбезі айналдыра-қыстыру әдісі бойынша өрілген.

Видео: Молла Қалан кесенесі