2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып саналады. Қазақстанның Солтүстік аймағын отарлау басында Есіл өзенінің жағасында Қызылжар төбесінде 1752 жылы Петр бекінісі салынған болатын. Бұның өзі еларалық қарым-қатынасты жөнге салуға ықпалын тигізді.
Кешеннің құрамына бір қабатты ағаш үйлер, канцелярия, келіп-кетушілерге арналған үй, монша, шаруашылық құрыстары кіреді. Кешеннің жалпы көлемі-1,2 га.