Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Бозоқ   (XIII - XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Бір және екімұнаралы мешіттер

Бір және екімұнаралы мешіттер XIX ғасыр

 

19 ғасырдың екінші жартысында тұрғызылған ғимарат. Ғимарат ұзынша келген төртбұрыш пішінде, тек күмбезі және шығыс жағында орналасқан жалғыз мұнаралы болып, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимараттың авторы, түрік сәулетшісі Абдулла Эфенди. Ғимараттың қабырғалары сырттан, қолмен пішін берілген балшықтан жасалған әшекей элементтерімен, горизонталды және тік күшейткіш мәткелеріменен безендірілген.

Екі мұнаралы мешіт 1858-1861 жылдары салынған. Төртбұрышты ғимарат, тек күмбезді, екі мұнаралы. Кіре беріс қабырғасы шығысқа қаратылған. Ғимараттың ені мен ұзындығы 16,5х32,5, биіктігі мұнараларын қоса есепке алғанда шамамен 30 м таяу, ішкі көлемі 7 мың. м3 (жер асты бөлмелерін есептемегенде). Кіре-беріс қабырғасы сырттан, әшекейлі және сәнді, басында жартылай колонналарымен безендірілген. Терезелері де шеттерінен безендірілген. Терезе периметрі бойынша, пішін берілген балшықтан жасалған әшекей элементтері бар. Ғимараттың іші тіректермен және горизонталды күшейткіш мәткелерімен безендірілген. Күмбез асты бөлімі, шеттері бойынша, сары-жасыл түсте орындалған Кұраннан алынған аяттар жазылған.