Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Қ.А. Яссауи кесенесі   (XIV - XV ғасыр)

Шідерті 

Далалық жағдайда 2006 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ экспедициясы тас дәуірінің көп қабатты Шідерті 3 тұрағын зерттеуді жалғастырды. Негізінен Республикамыздағы археология ғылыми саласында күрделі де аз зерттелген тас дәуірінің мезолит кезеңінде жататын 5-ші және 6-шы мәдени қабаттары қазылып, зерттелді. Қазақстандық зерттеушілерді мезолит кезеңі қаншалықты толғандырғанымен, бұл дәуір өз сырын әлі де аша қоймай, аз зерттелген кезеңге жатады.

Бұл бағыттағы зерттеу жүргізудің сұйық болуы, ашылған мезолиттік объектілердің Солтүстік және Орталық Қазақстандағы табылған мезолит дәуірі деп көрсетілген бірнеше комплекстерінің өзі күмән туғызады. Сол себепті ежелгі таспен жаңа тас дәуірін жалғайтын буын орта тас дәуірінң зерттеу өзінің бастапқы кезеңінде.



Осыған орай көпқабатты Шідерті 3-те жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары ерекше мағанаға ие. өйткені мұндағы қабаттарда мезолиттен энеолитке дейінгі мәдени комплекс қабаттарымен голоцен дәуірінің полеклиматтық толқудың негіздерін айқындайтын 6-шы қабатта ең ежелгі ескерткіш материалдары кездеседі. Жоғарғы жағында ақшыл-қоңыр құмдасыз, қиыршық құм және кәдімгіқұм, олардың үстін «Г» топырақ қабаты басып жатыр. Мұнда негізінен коникалық, призматикалық нуклеустермен қатар жақты және сыналық фасетикалық алаңдармен қатар мұқият килмен қңделенген, екінші қайыра өңделмеген көптеген микропластиналар құрамымен қамтылған. Негізінен құрал ретінде екі жағы жонылған медиалдық шабылған микропластиналар пайдаланылған. Дисталдық бөлігі шолақ кесілген немесе жүзі өткірленбеген, жақты ұзындығы 1,5-5 см түзу жақты ірі, орташа пластиналар пышақ немесе пышақтың алынбалы жүзі ретінде пайдаланылғанға ұқсайды. Ұсақ симметриялық трапеция және жақты ойығы бар геометриялық микролиттер (1-сурет). Біреуі биік, классикалық симметриялық формада, жақтары сәл ішке қарай қисайтыла өте мұқият өңделген микролит көлемі 1,2х1,4 см.



Осы топта кездесетін кескіштер комплексі аса қызықты. Ірі пластиналарда істелген жақтары ішке қисайта ретуштелген, бұрыштары мен жаңдары кескіш жүздерімен орындалған. Тескіштермен қатар пластинадан жасалған қырғыштарда кездеседі. Бірнеше істерді атқаратын бір еңбек құралы тас жаңқалы бұйымдар басым кездеседі. Оның ішінде жүзі айналыңқы жоғары формалы, тіпті екі жүзі барлары да кездеседі. Осы қабатта ошақты өнеркәсіптік тұрғын алаңдар, ретушералар, тас дару құралы мен тас, ал ірі тастар болса күрке немесе чум сияқты тұрғын баспаналар конструкциясы қалған жұртының орны болуы мүмкін. Тас құралдар мен оны жасауға қажетті заттарды сақтау қоймасы, индустрияда өнеркәсіпті маңызы жоқ дөресі тас жаңқалары көптен ұшырасады. Шикізат ретінде негізінен көк және ақшыл-ары шақпақтасты-сазды кварцтанған тастар түрі қолданылды. Шақпақ тас пен яшма сирек ұшырасады. Фаунада жілікті сынған сүйек қалдықтары, жылқы мен бөкеннің тістері азда болса кездеседі. Осы заттарға қарап мұнда аңшылар лагері немесе уақытша тұрақ болған деген қорытынды жасауға болады. Стратиграфиялық өзгерістер байқалмайды, сол себепті барлық шаруашылық процесі жердің үстінгі қабатында болғанға ұқсайды.



Қабаттағы алынған заттар комплексі мезолит дәуірінің алғашқы геометриялық микролиттер мәдениетінің пайда болу уақытын көрсетіп, және срның үстіне тұрақтауы терраса қалыптасуының субаэралдық қалыптасуының бастауымен байланысты. Сол себепті осы комплекс геометриялық формадағы микролиттік индустрияның ерекше түрін көрсетіп, бүгінгі таңда аймақ территориясында әзірше жалғыз, жасы стратиграфиялық жабық комплекстен шығатын 10 мың жылдан кем емес, ежелгі мезолит деп белгілеп, солтүстік Сарыарқа гелоцены ретінде ең ежелгі деп есептеуді ұсынамыз. Осыған орай аймақтағы көрсетілген комплекс негізінде және оның геохронологиялық жағдайы, ескерткіштің көлденең тілігі индустрияның ертемезолиттік түрінен екенің аңғартады. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттарымен оны салыстыруға келетіні Убаган III-ші тұрақ материалдары келіңкірейді. Бұлардың бір бірімен жалпы индустриялық кескінімен құралдардың кейбір түрлерінің ұқсастығын айтуға болады. Біздің пайымдауымызша Виноградовка II тұрағының төменгі қабаты материалдары мезолит дәуіріне жатқанымен дәуірдің төменгі кезеңін ғана көрсетеді. 6-шы қабат индустриясы басқа ертеголоцендік аймақ комплекстері арасындағы байланыс, оның аз зерттелгеніне байланысты оны біз көшуқонудан пайда болған деген идеяны ұстанып, геометриялық микролит мәдениетін ұстанушылардық келуімен байланыстырамыз.



Келесі 5-ші қабат материалдары аймақтағы тас индустриясының даму кезеңін көрсетеді. Негізінен ақшыл-қоңыр құмдысаз «Г» топырақ қабатында орналасқан. Олар сына және жақты сына тәріздес формалы нуклеустермен беріледі. Заттар арасында екінші өңдеуден өтпеген қысқалау дұрыс жасалмаған пластииналар және өткір жүзді, тас жаңқалары әртүрлі формадағы қырғыштар, тісті құралдар, жүзі өңделмеген әртүрлі формадағы тас жаңқалы қырғыштарда көптеп кездеседі. Пластиналармен қатар пышақ ретінде шеттері ретуштелген жаңқа тастарда қолданылғанға келіңкірейді. Жіңішке ұшты ретуштелген бүтін тескіштер, кескіштер жеке дара болса да кездеседі. Ірі пластииналардан жасалған жүзі домалақтанған қырғыштарда бар. Қабатта ретуш түрлері көптеп кездескенімен қандайда бір конструкциясымен ошақ іздері кездеспейді. Фауна қалдықтары сирек. Осы қабаттада 6-шы қабат сияқты тұрғылықты орын болған. Шикізат көзі ретінде негізінен янтарлы-сары түсті немесе халцедон түрлі опалды тастар және кварцитпен яшма-кварцит қолданылған. Бұдан шығатын қорытынды шикізат басқа жерлерден әкелінген.



Комплекстегі мәдениетті айқындайтын формалар мен заттар аз кездеседі. Дегенмен осы материалдар 6-шы қабаттан табылған заттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Осы заттарға ұстастарын табу қиын. Микролитті және стратиграфиялық тілікті ескерткішті мезолиттік негізде қарай отырып, біздің пайымдауымызша кейбір ұқсастық Ақымбек тұрағы материалдарына келеді. Алайда микропластинаның көпшілігі Шідерті 3 тұрағындағы 2а қабатындағы неолит материалдарына тән. Сол себепті 5-ші қабатқа жақын Ақымбек материалдар мезолит дәуірінен делінсе де сонымен қатар неолиттік дәуірдіде қамтиды деген сенімдеміз. 5-ші қабат индустриясында сына тәріздес нуклеустердің көп болуы аталған ескерткішті сібір-моңғол түріндегі мәдениет деп алдын-ала айтуға болады.

5-ші, 6-шы мәдени қабаттарды, жатуының жағдайын салыстыра келе біз мынадай қорытындыға келдік. Олардың ұқсас дәуірдің палеэкологиялық жағдайында өмір сүргені, климат жағдайының күрт қзгеруі ерте голоцендік «Г» топырағының қалыптасуына әкелген деген тұжырым жасаймыз. Адамның көрсетілген тұрақта тұруына қолайсыз жағдай, яғни суық пен ылғалдың мол болуы осыдан 9,8-9,3 мың жыо аралығында болғанға ұқсайды. Олай болса 5-ші қабаттағы тіршілік белгісі 9,3-9 мың жыл бұрын, яғни салқын да құрғақ климат дәуірінде болса керек.



Алынған материалдарға қарап мезолит дәуірінде аймақ территориясында келімсектер әкелген және жергілікті техникалық дәстүрді сақтаған адамдардың екі тобы өмір сүрген деген тұжырым жасауға болады. Алайда қайдан? Бастапқыда геометриялық еңбек құралы Таяу Шығыста палеолит дәуірінің соңғы кезеңінде пайда болып Еуразияның үлкен бөлігіне таралды. Көрсетілген құралдарды аймаққа аңшылар емес, бақташылар әкелуі мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Тек бақташы тайпалар ғана қашық аралықтарға орын ауыстырып, қысқа уақытта Еуропаның барлық территориясына, Азия құрлығының далалы зоналарын мекеніне айналдырған еді. Осындай ойларды басқа да зерттеушілер айтқан болатын.



Осыған байланысты қазақстандық зерттеушілер алдында тек өнеркәсіптік өмірінен ғана емес сонымен қайтар рухани өмірі, өнер мен жерлеудің мезолиттік үлгілерін қамтыған орта тас дәуірі ескерткіштерінен тың ақпарат беретін үлкен міндет тұр сонда ғана Қазақстан территориясында мемлекеттің ежелгі тарихындағы маңызды кезеңі орта тас дәуірі жан-жақты зерттелді деп айта аламыз.