2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Павлордар өңірінің мақтанышы, сәулет ескерткіші А. Деров көпестің сауда үйі болып есептеледі. Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасымен қаланың белгілі азаматы және әйгілі I гильдий көпесі А.И. Деровтың ақшасына салынған. Бұл көлемі мен ұзындығы бойынша қаланың көпестері тұрғызған құрылыс бөлігінің ең үлкен ғимараттарының бірі болды. Сауда үйі -ірі ғимарат, қазір сәулет ескеркіші ретінде есептеледі. Сібірлік «модерн» стилінде салынған.
Есік- терезе, балконның безендірілуіне ерекше көңіл бөлінген. Қабырғалар фигуралық суреттермен безендірілген. Ғимараттың жоғарғы бөлігі торкөз терезелі мұнаралармен әшекейленген. Екінші этажда балкон бар. Қазір ғимарат Филатовтың көне үйіне жалғасырылған, онда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының экспозициясы орналасқан.