Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Түрік мұрасы   (VIII ғасыр)

Бөріжар 

 

2006 жылы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберңнде Бөріжар обасын зерттеу жалғастырылды. Катакомбамен бірге 5 қорған және 3 сағана қазылды. Зерттеу жүргізу үшін Шымкент-Арыс автожолының арғы жағындағы Жуантөбе қаласынан 800-900 м оңтүстік-шығысына қарай орналасқан қорған обасының учаскесі таңдап алынды.

Бұл учаскеде жоғарғы жағы террасасы бар сайлармен шектеледі. Бұл орайда әртүрлі аумақтағы қорғанда периметрі бойынша үйілген алаңдарынан бөлек орналасқан. Қазба жұмысы жүргізілген қорғандардың бірін сипаттап көрелік.



21-қорған. Үйіндісі дөңгелек пішінді, диаметрі 17 м, қазіргі кездегі деңгейден 0,8 м биік.



Қорғанның оңтүстік-шығыс бөлігінде қасында кейіннен пайда болған зираттары бар қауымдық түрде жерленген катакомба (үңгірлеп қазылған қабір) табылды. Шұңқырдың кіретін жері тікбұрышты пішінде 385х90-65 см, ол ұзын желісі бойынша солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс бағдарға бағытталған. Оның артқы қабырғасында әртүрлі биіктікте және пішіндегі 9 баспалдық бар екендігі анықталды. Баспалдақтардың биіктігі 7-ден 21-см-ге дейін. Кіретін жер тікбұрышты, үстіңгі жағы арқа бөлікті, ені 60 см және биіктігі 55 см. Кіретін шұңқырдың түбінен 24 см биіктікте орналасқан. Камераға кіретін жер аумағы 55х26х9 см, 56х27х10 см, 56х28х10 см, 25-30х22-25х8-9 см шикі кірпіштермен үш қатар етіп жабылған. Қалауға 18 кірпіш пайдаланған, оның ішінде 11-үлкен көлемді болып келеді.



Камераға ұзындығы 73 см көлбеу дромос (лахаттың аузы, яғни үңгір қуыс жол) бастайды. Дромос камерадан биіктігі 45 см еңіс баспалдақ арқылы бөлінген. Камера трапеция пішінді доғаланған бұрышты келеді әрі солтүстік-шығыс бөлігінде 230х165 см өлшемде, кеңи түседі. Солтүстік-шығыс – Оңтүстік-батыс желісі бойынша ұзын желіспен бағыттылған. Камера кіре-беріспен салыстырғанда солға қара», сол жағында оңтүстік-батысқа қарай ығыстырылған. Күмбез құлаған, камераның түбі тегіс ортасына қарай еңістене түседі.



Камерада жерлеу үш қабат арқылы жасалған. Төменгі (1-ші) қабаттың жерлеуі камераның түбінде орналасқан (3, 4, 5-ші қаңқалар). 2-ші, 3-ші қатардың жерлеуі камераны толтыру арқылы жүзеге асқан.



3, 4, 5-ші қаңқалар камераның түбіне жатқызылған. Төменгі (1-ші) қабаттың жерлеуі камераның түбінде орналасқан (3, 4, 5-ші қаңқалар). 2-ші, 3-ші қатардың жерлеуі камераны толтыру арқылы жүзеге асқан.



3, 4, 5-ші қаңқалар камераның түбіне жатқызылған. Екі қаңқа (4 жәе 5-ші қаңқалар) толықтай бүлінген; олардың сүйектері камераның солтүстік-шығыс және солтүстік-батысына қарай ығыстырылған. Камераның солтүстік-батыс қабырғасында орналасқан 3-ші қаңқаны орнынан жиі қозғалтқан тәрізді, оны сүйектердің анатомиялық қалпының сақталуына қарап білуге болады. Қаңқа шалқасынан басын солтүстік-шығысқа беріп, созылған күйі жатыр. Бас сүйек 2-ші қаңқаның деңгейінде орналасқан. Оның шет жағы дененің бойына қарап жатыр. 3-ші қаңқаның сүйектерінің астында және оңнан солға қарай сұр-қоңыр түсті органикалық заттың үгінділеріне ұқсайтын жұқа қабат байқалады, ал оның астында камераның түбі жасыл түсті саз қабатымен майланған. 3-ші қаңқаның аяқ сүйектерінің қасында 2 құмыра жатыр. Кеуде тұсында үш қалақты ромб тәрізді жебе ұшының бөлшектері табылды. Солтүстік-шығыс қабырғада саздан жасалған құмыра жатыр.



Жерлеудің 2-ші қабаты. Оған камераның орталық бөлігінде табылған 2-ші қаңқа жатады . Жерлеу мүрдені басын солтүстік-шығысқа беріп, шалқасынан жатқызылған. Қолдары адам басының сол жағында бетінде шүмегі бар өрнек салынған құмыра табылды. Оның иығында және тұтқасының төменгі жағында құрғақ сазға үш тіс тәрізді белгі салынған.



Жерлеудің 3-ші қабаты. Бұл қабатқа жататын мүрденің қаңқасы камераның орталық бөлігіндегі реперден 284-293 см терендікте жатыр. Жерленген адамның қаңқасы шалқасынан жатқызылған, басын солтүстік-шығысқа берген. Бас сүйегі қолдан деформацияға ұшыраған, қолдары денесінің бойында созылған күйі аздап денесінен алшақтау орналасқан. Бастапқы күйде тізелері бүгіліп жерленген болуы керек, табандары қатар жатыр. Мүрденің сол жағынан шүмегі бар құмыра жәе тостаған табылды.



Сол қолының шынтағының астында сүйектен 7 см-дей жоғары жатқан қола жапсырмасы бар ағаш ыдысы кездесті. Жапсырманың ішкі жағында ағаштың қалдықтары бар екені анықталды. Сірә, күні бүгінге дейін сақталмаған ағаш ыдыс сол жақ қолдың шынтағының жоғарғы жағындағы топырақ қабатына қойылса керек.



18 және 20-қорғандар үйіндісінің астында бір тиіпті катакомбаларға қауымдық жерлеу болғаны анықталды. 20-қорған катакомбасында қаңқалары түгел емес сынған үш хум үйінділері табылды. Олардың хумдарының бірінің иығында ұштары иілген свастика тәрізді белгі хумды күйдірмес бұрын сызылған және мүйізді жануардың (бұғы?) бейнесі салынған гемманың дөңгелек таңбасы бар. 19-қорғанның үйіндісі астынан жай көрге салынған мүрде табылды. Онда оның қасында ешқандай зат жоқ.



Катакомбалардағы жерлеудің алдын ала болжам жасалған датасы б.з. I-IV ғасырларына жатады.



2004 жылы таңдап алынған учаскеде, Жуантқбе қаласының зиратында жер бетіндегі сағаналарды зерттеу жалғастырылды. Үш бір камералық сағана аршылды.



31-шы сағана. Тікбұрышты пішіндегі құрылыс, оның бұрыштары дүниенің төрт бұрышына қарайды. Камераның өлшемі: ұзындығы 3,1 м, ені – 2,1 м, қабырғаларының қалыңдығы 0,55 м. Солтүстік-шығыс қабырғасы 1,48 м биіктікте сақталған, ал қалғандары – 1,0 м биіктікте. Камераға кіру оқтүстік-батыс қабырғада орналасқан. Кіретін жердің жалпы ұзындығы 1,9 м, ені 0,55 м, биіктігі 1,0 м. Ол сырт жағынан шығыңқы порталмен жасалған. Порталдың ұзындығы 1,35 м, ені – 1,95 м. Камераның едені ірі керамикалық ыдыстардың сынықтарынан төселген. Сағананың кіретін бөлігін тазалау кезінде кіретін ойықтың керамикалық жапқышы табылды.



Камераны тазалау кезінде қаңқалардың бөлшектелген сүйектерінен және темір бұйымдарының ұсақ бөліктерінен басқа ештеңе табылған жоқ.



Қалған сағаналар да құрылымы жағынан осындай 52-ші сағанадан шүмегі бар қызыл түсті ангобталған керамикалық құмыра, темір пышақтан бөліктері және моншақтар табылды. 62-ші сағана кезінде тоналған, оны тазалау кезінде керамикалық ыдыстардың сынықтары кездесті. Зерттелген сағаналар б.з. V-VIII ғасырларға жатады.