Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Абділ Әзіз баб   (XV - XIX ғасыр)

Шымкенттегі археологиялық қазбалар 

 

Б. А. Байтанаев. «Мәдени мұра» барғдарламасының аясында 2006 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің археологиялы0қ тобы Шымкент қалашығында қазба жұмыстарын жалғастырды. Ескерткішті зерттеу мақсатында Шымкент қалашығының батыс және солтүстік-батыс бөліктері алында. Барлығы үш қазба орыны қаланды. Оның екеуі өзгешелігі жөнінен стратиграфиялық болды.

Бірінші қазба (Қ-4.2) қорғаныс қабырғасының оңтүстік-батыс бұрышынан 50 м солтүстікке қарай орналасты және осы бөліктегі (Қ-4.1) 2005 жылғы қазба жұмыстарының жалғасы болды. Қазбадағы жұмыстар, аталмыш Қ-4.2 40х5 м көлемінде оңтүстіктен батысқа қарай қорған қабырғасының үстінен жүргізлген болатын.



Қалыңдығы 15-20 см шымды қабат астынан алты бөлмеден тұратын қорғаныс қабырғасының қалдығы табылды. Бөлмелер қорғаныс бойлай, оның шығыс жақ бетін жанай, оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінен сон бірі орналасқан.



Қорғаныс қабырғасы және оны жанап тұрған бөлмелердің оңтүстік-батыс және солтүстік батыс бұрыштары жақсы сақталған. Осы бөліктегі қабырғалардың биіктігі 1,7 м жетеді. Шығыс қабырғаларының биіктігі 0,4-тен 0,6 м шаамасында. Бөлмелер шикі кірпіштен қаланған, оның көлемі – 30х16х8 см.



Үш бөлменің бұрышында еденде орналасқан пештер табылды. Олар жақсы сақталынған. Формасы жағынан төртбұрышты, бұрыштары шығыңқы пилястрден тұрады. От жағатын бөлігі беткейде орналасқан. Табылған пештер бір жобамен және тәжірибесі жоғары ұстамен жасалған. Біздің ойымызша олардың темір қаңылтырдан жасалған мұражасы болған (?).



Қазба бөлмелерінің қабырғаларын ашу барысында әр түрлі кезеңге жататын ұсақ қыш құмыра қалдықтары табылды.



Ашылған бөлмелердің еден деңгейінде өте аз көлемде XIX ғ. екінші жартысына жататын ажарсыз құмыра сынықтары, металл сынықтары және фабрикалық шынының ұсақ бөліктері табылды. Осы табылған заттар Шымкент қалашықтың ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық керамикалық заттарын қайталайды және толықтырады.



Екінші қазба (Қ-5) көлемі 10х10 м негізінен шахристан орталығының батыс қорғаныс хауызынды орналасқан. Ол Қ-4.2-нің шығыс беткейіндегі кейінгі ортағасырлық Шымкент қорғаныс қабырғасының батыс аймағында орналасқан. Қазба алаңы 0.5 м-ге тереңдетілді. Замани беткейден солтүстік беткейі 1-2 м. Оңтүстік беткей 4-5 м қазылды.



Қ-5-ің мәдени қойлымдарының мінездемесі 2003 жылғы осы қазба орынның шығыс беткейінде орналасқан 1-3 қазбаны еске түсіреді. Бұл жерде жоғарыдан 2 м тереңдікке дейін орташа жұмсақтағы сұр түсті топырақ қосылады. Ал 4 м төмендікке дейін ашық қоңыр түстер бар топырақ қабаттары тығыз орналасқан. VIII-IX ғ. қабат деңгейінде қарахан дәуіріндегі керамика сынықтары табылды, ал одан жоғары деңгейде дамыған және кейінгі ортағасырлық заттар, мәдени қабаттар болды. Мәдени қабаттардың стратиграфиясы бір қалыпты көлденең орналасқан. Тек ортағасыр кезеңіндң VII-IX ғғ. төменгі қабаттардан табылған қоқыс шұңқырдың сирек орындары бұл жерде құрылыстың болуы мүмкіндігін көрсетеді. Қ-1-ден архитектуралық конструкциялардың қалдықтары табылған жоқ.



Бұл қазбадан ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық кезеңнің археологиялық заттары алынды. Ортағасырлық кезеңнің XII-XIII ғғ. басына жататын ұсақ құмыра бөліктері табылды. Кеселердің кең ауызы азғана сыртқа қайырылған. Кесенің түбі профильді, диаметрі 7 см, оның екеуі ұршыққа айналған. Үлкен ыдыстардың ауызы жұқа. Олардың түбтері диск тәрізді жеңіл шұңқырлы немесе дөңгелек көлемі 8-11 см. Мұндай сырлы оюлы асханалық кеселер, табақтар Орталық Азия және Қазақстанның аудандарына кең тараған.



Жоғары V қабат деңгейінен бастап сұр тығыз топырақтың IV-III-ші қабаттардан көптеген қыш құмыралық заттар табылды, біз оларды VI-VII ғғ. аяғына жатқыза аламыз. Шымкент шахристаны моғолдардан кейін XVI ғ. аяғына дейін дамымаған сияқты. Бірақ, Қошқар-ата һзенінен бастау алған суару каналдарының бойындағы қала сырты территориясында өмір жалғасты. Бұған куә замани Шымкент территориясында археологиялық табылмалар, ортағасырлық шахристан аймақтары, сонымен қатар Чаманкент елді мекенін еске түсіретін Темір дәуіріндегі жазба деректер.



Шымкенттің шахристан территориясында өмір, тек Шайбанидердің дәуірінде ғана келеді. Негізінен Шымкент шахристаны XVII-XVIII ғғ. қазақ хандары басқарған дәуірде жақсы дамыған.



XVII ғасырдың асханалық ыдыстары кесе және үлкенді, кішілі ыдыстар, легендер үлкен көлемде табылды.



Үлкен көлемдегі табақ-кеселер, жартылай сфералы резервуар ауызы сыртқа қайырылған. Олардың барлығының түбтері аласа дискілі немесе дөңгелек.



Ыдыстар немесе легендердің формасы тарелка тәрізді. Көлемдері әр түрлі. Олардың шеттері кең әрі сыртқа майысқан. XVI-XVIII ғғ. асхана көркемдік безендірілуі осы дәуірге тән.



XVIII ғ. материалдары негізінен II қабат деңгейінен тығыз сұр топырақтан шықты. Қыш құмыра сынықтарының шығуы қазбаның алдыңғы кезеңдерін №5 қазбаның үстінгі беткейінде орналасқан археологиялық комплексті жалғастырады.



Бірақ, ең ертеректегі уақытпен салыстырғанда құмыра жасау сапасы нашарлайды. Ыдыстар көбінесе қалың, бұлынғыр сырмен қапталып, оюлары анық емес, өрескел болады. өонектің бөлшектерінің ішінде толқын тәріздес сызықтар, иректер және де тікенек тәріздес жұлдызша оюлары ақ және көк түске салынған.



Үшінші қазба (Қ-6) Шымкент қалашығының батыс етегінде шахристан алаңымен цитадельдің оңтүстік-батысы ортасында орналасқан. XX ғасырда бұл жер сыртқа ортағасырлық рабат аумағына апаратын пандус болған. Бұл пандус ежелгі кезде шахристанды сыртқы өмірмен байланыстырған.



№6 қазба көлемі 9х3 м, меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай белгіленді. Ол шахристан жотасынан төменге қарай 2,5 м тереңдетілді. Оның оңтүстік аяғындағы қазбада көлденең, ұзыннан бағытталған тастар қаланған. Олар ірі, таудың табиғи тастарының бөліктерінен қаланған. Ұзындығы 70 см, ал қалыңдығы 1 м. Бұл Шымкент қалашығының территориясына өтетін жолды қарауылдайтын бекеттің фундаменті болуы тиіс. Қабырға XIX ғ. орыс қорғаныс территориясына кіргізетін қақпа болған. Бірақ бұл қабырға өорғаныс рөлін атқарған жоқ.



Қазбаның шығыс беткейінің III-ші қабатында аталмыш сұр түсті топырақтың горизонты орналасқан. Оның астында солтүстіктен оңтүстікке төмендеп келе жатқан екі сұр түсті күл горизонттары бар. Бұл қабаттар қазбаның шығыс қабырғасында Қ-6-ның оңтүстік жағынан 4-5 м қашықтыққа сақталған. Себебі біріншіден шахристанның рельефіндегі осы жақтың қиясы сайға қарай кеткен, шахристанның территориясын цитадельдің оңтүстік-батыс жағын бөліп жатқан сайға қарай орналасқан. Екіншіден Ө-6-ның батыс қабырғасын үлкен қоқыс шұңқыры кесіп тұр. Олар II қабаттың соңы III-ші қабат басының деңгейінен басталады. Яғни XIXғ. Соңы XX ғ. басындағы үстіңгі деңгей.



Күлді қабаттардың астында қайтадан тығыз орналасқан, қалыңдығы 30-40 см ақшыл-сұр түсті топырақ кездеседі. Сол қабаттың кейбір жерлерінде көмірмен күлдің және жіңішке линзалар қалдықтары кездеседі. Бұл қабат төртінші қабаттың соңына шейін жалғасады.



№6 қазбада екі үлкен хронологиялық комплекс бөлініп шықты. XII-XIII ғғ. жататын төменгі комлпекс тығыз орналасқан қоңыр түсті топырақтың V-IV деңгейінде табылды. XVIII-XIX ғғ. кейінгі кезең комплексінің керамикалары үстіңгі көптеген қоқыс шұңқырлардан және күлді-көмірлі қабаттардан, борпылдақ қойлымдардан шықты. Мұндай археологиялық заттарды Сырдария өзені бойындағы Сайрам, Отырар, Түркістан, Бинкент, Кавардан және т.б. ортағасырлық және кеәінгі ортағасырлық ескерткіштердің материалдарынан көруге болады.