Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Бозоқ   (XIII - XIX ғасыр)

Сидақ 

Сидақ қаласы Түркістан батыс жағында 18 шақырым жерде орналасқан. Ол ерте ортағасырлыққа тән ескерткіш болып табылады. Мұнда кең ауқымды қазба жұмыстарын 2001 жылы Түркістан археологиялық экспедициясымен Археология институты «Әзірет сұлтан» мемлекеттік мұражай-қорығымен (Түркістан қаласы) бірлесе отырып бастаған болатын. Қала топографиялық белгілері бойынша Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінің ежелгі және ерте ортағасырлық дәуірлеріне тән «алаңы бар төбешік» типіне жатады. Бірінші қазба жұмыстары қаланың жоғарғы құрылыс қабаты VII ғасырға, VIII ғасырдың 1-ші жартысына жататындығын көрсетті, бірегей сақталған бұл қоңыстың өмірі жойқын өрттен кейін тоқтап қалған.

 

Қала қорғанына храм кешені аршылып алынды, оған стратиграфиялық зерттеу жүргізілді. Қаланың батыс жағынан 800 м жерден табылған зиратты зерттеу де қатар жүргізілді. Алынған материалдарға қарап, жойқын өртті VIII ғасырдың 2-ші ширегіндегі араб әскерлерінің әрекетімен байланыстыруға болады. Қаланың қорғанындағы жүргізілген жұмыстар археологиялық – сәулет және құрылыс объектілерін алдағы консервациямен мұражайландыруға дайындық мақсатын көздейді. өткен жылдардағы жұмыстардың қорытындысы алдын ала жарияланды.

 

2006 жылы мамыр-шілде айларында Түркістан археологиялық экспедициясы «ҚР Мәдени мұрасы» бағдарламасы шеңберінде храм ғимаратын зерттеу жөніндегі жұмысты жалғастырды. Мұндай жұмыс храм және қорған бөлігіне жататын әртүрлі кезеңде салынған құрылыс элементтерінің 3 учаскесі бойынша жүргізілді.

Храм ауласының солтүстік-батыс бөлігінде оның соқпа саз балшықтан салынған сыртқы қабырғасы анықталды, ол ауланың сұлбасымен толықтай тұйықталады. Трапеция тәрізді ауланың өлшемі 23 м және 45 м (іргетасы бойынша) х28м болды. Сыртқы қабырға мен орталық стратиграфиялық жиек арасындағы аула құрылысының учаскесі 2 және 3 деңгейде аршылды. Екінші құрылыс қабаты деңгейі бойынша сыртқы қабырғаға тұрғын жайға жатпайтын бөлмежай келіп қосылатындығы анықталды. Ауланың сыртқы қабырғасының оңтүстік-шығысынан шығысқа қарай тұрғын жай құрылыс учаскесінің ВСГ деңгейі аршылды. Бұл арадан қзіне тән ерекшелігі бар бірқатар ошақ-көрігі бар өндірістік бөлмежайлар мен тұрғын жайлар анықталды.

 

Храм ауласының оңтүстік-шығыс бөлігін алтарьдан солтүстікке қарай тазалауда өте ертедегі қабырға табылды, бұл суфасы және алтарь ошағы, құрылыс қабатынан бұрынғы горизонт екені анық. Бұл ерте дәуірдегі деңгейдің үш бөлмежайы тазаланды. Оның қабырғалары 0,8-1,2 м аршылған бөлмежайлардан интерьердің іздері байқалмайды, бірақ хумдардың үйінділері мен адамның кейбір сүйектері еденнен табылды (бұл қабаттың 1-ші бөлмежайында адамның бас сүйегі жатыр). Ауланың бқлмежайларын қамалдың сыртқы қабырғалары бойымен қосымша тазалау кезінде (алтарь ошақтары мен суфалары бар қабат) тұмарлардың көмбесі табылды.

 

Көмбе №18 бөлмежайдың суфасынан табылды (2005ж сипаттама бойынша), ол храмның «алтарь» бөлігінен оң жаққа қарай (шығысқа таман) орналасқан. Бұл бөлмежайдың сұлбасы 2005 жылғы маусымда анықталып, тазартылды. Оның өлшемі – 5,7х5,2м, үш қабырғаның периметрі бойынша орташа биіктігі 0,35м жалпақ суфа (1,2-1,3) анықталды. Бөлмежайдың солтүстік-шығыс қабырғасы сыртқы бекініс қабырғасының ішкі жиегі болып табылады. Оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс қабырғалар бір кірпішпен өрілген, оның қалындығы 0,4-0,5 м, сақталған биіктігі 1,9 м-ге жетеді. Суфалардың жиектері шикі кірпішпен өрілген және де осындай жарты кірпіш пен шаршы бөліктер іштей бөлінген, онда ірі хумдар мен хумчалар (бес дана) көміліп, іші топырақпен толып қалған, яғни олар бос, топырақ толған күйінде кездесті. Хумнан жарты метр жерде оң жақтағы суфада жатқан бір құлақты құмыра аршылып алынды, оның аузы қара саздан ангобпен боялған, ол бүтін, бірақ жарығы бар. Құмыраның биіктігі 26,5 см, бүйірінің диаметрі 15,5 см, мойнының диаметрі 9,5 см, түбінің диаметрі 10 см. Сопақша келген тұтқасы ұзын мойнының (6,5см) орта жері мен бүйірінің төменгі жағын жалғайды.

 

Құмыраның көлемі еріген маржанның көп мөлшері кездесті (700-дей дана). әйнегі тотыққан, бірақ маржандардың сары, ақ, қызыл, көк түстерін ажыратуға болады, диаметрі 2-ден 5 мм-ге дейін; алқызыл кораллдан жасалған моншақтар түтікше тәрізді әртүрлі ұзындықта кездеседі, оның диаметрі де әртүрлі және алқызыл түсті реңкі бар (ұзындығы 1-ден 2,5-3,0 см-ге дейін, барлығы 190 дана); әйнектен жасалған шар тәрізді моншақтар көк және қызыл түстерден жасалған болуы керек (диаметрі 6-9 мм, барлығы 123 дана); қызғылт сары сердоликтен жасалған монашқтар шар тәріздес диаметрі 8-9 мм (5 дана), және цилиндр тәрізді ұзындығы 10-11 мм (5 дана); әртүрлі диаметрдегі ақ түсті мөлдір емес минералдан жасалған шар тәрізді моншақтар (13 дана, диаметрі 6-11 мм); жартылай мөлдір минералдан (хрусталь?) жасалған шар тәрізді моншақтар, диаметрі 6-7 мм (3 дана). Бір шар тәрізді жапырылған пішіндігі үлкен ойығы бар моншақ (диаметрі 9 мм, биіктігі 7 мм); перламутр маржаннан жасалған ұсақ жалпақ моншақтар (8 дана); төртбұрышты тесігі бар жалпақ диск тәрізді моншақ (диаметрі 13-14 мм); Қызыл-қоңыр пастадан жасалған екі шарды біріктірген моншақ (диаметрі 8 мм, биіктігі 16 мм); қара және сары-жасыл түсті ірі пасталық көзі бар екі моншақ (диаметрі 19-20 мм), оның бірі аө түсті жанында сызықтары бар (диаметрі 21 мм, 3 жалпақ тікбұрышты (11-15 мм), біреуі жолақты призмалық, ал енді біреуі куб тәрізді жасыл түсті; әртүрлі өлшемдегі тесіктері бар, бір жағы ұшталған қаура қабыршағы (32 дана); қара қоңыр жартылай мөлдір минералдан (сердолик?) жасалған бір ірі шар тәрізді моншақ, диаметрі 19х22 мм; сарғыш реңкті халцедоннан жасалған бір шар тәрізді моншақ, диаметрі 2,3х2,4 см, көгілдір реңкті халцедоннан жасалған бір шар тәрізді моншақ, диаметрі 20х11 мм және ұзындығы 25 мм, диаметрі 15 мм қара жылтыр минералдан сопақша етіп келісіп алынған бір моншақ. Моншақтардың құрамын диаметрі 2-ден 3,5 см-ге дейін жететін ірі тығыз орналасқан жұмыр он янтарь моншағы толықтыра түседі.

 

Моншақтардың арасында тесіктері бар (диаметрлері 2,2; 2,5; 3,0 см) диск тәрізді тастан жасалған ұршықбас табылды. Бір қара гагаттан жасалған сопақша-призмалық қадауыш (2,5х2,5х1,5см), және үлкен тесігі бар жалпақ тастан жасалған массивті қадауыш (3,7х2,6х1,8 см). Сондай-ақ халцедоннан жасалған әртүрлі өлшемдегі «жүзік сияқты көрінетін» үш гемма да бар.

 

Қоладан және өзге металдардан жасалған бұйымдар кешеннің едәуір бөлігін құрайды: 3ғ5х2ғ7 см өлшемді үлкен тесігі бар қола массивтік биконикалық қадауыш; ұшында «жалпайған күрегі бар қола шпилька» (ұзындығы 13 см); түймесі бар жартылай қоңырау (диаметрі 2 см, биіктігі 2 см); жоғарғы бетінде тікі тесігі бар екі жартыдан құралған жарты шар (диаметрі 2,1 см); үш сүйір сырға (оның бірінде орта бөлігі жалпақ, ұштары сүйірленген, диаметрі 1,5-1,8 см); ай тәрізді құйылған жартылай сопақ пішіндегі қола алқа (оның бет жағында төрт бөлік бар, ал сопақ жиегі бойында шар тәрізді көрінетін бау орналасқан. Ұшында бекітуге арналған тесік бар, екінші жағы тегіс.

 

Бұл кешенде «үш негіздегі үш жапырақты өсімдік» - күміс мүсінді белдік жапсырмасы ерекше көзге түседі. өлшемлері: биіктігі 3 см, негізінің ені 2,5 см. Екінші бетінде негізгі бекітуге арналған екі бекітпе тіл бар.

Екі алтын «ғұндардың» самайға ілінетін алқаның азғантай бөліктері табылған қазбаның құрамындағы қызықты заттардың бірі. Оның бірінің бет жағында қола имек пен гауһар қондырманың безендируі сақталған. Жиегінде ұсақ шарлардың бүртіктері дәнекерленген.

 

Тегіс бет жағында өрнегі бар ежелгі бөлшекті түйме-кесек те ерекше нәрсе деуге болады. Сынған жерінен оның бауға арналған бастапқы өзегін, сондай-ақ жаңадан бұрғыланған жаңа өзегін көруге болады. Яғни, плакетка бауда сол сынық күйінде болған. Диаметрі 18 мм. Тат басқан темір сақиналардың қалдықтары баудың немесе сауыттың сынығы болуы мүмкін. Сақинаның диаметрі 12-13 мм. Неге пайдалануға арналғаны белгісіз білек тәрізді темір ьұйымның ұзындығы 15,2 ұштары жалпайтылған, ұзындығы 11 см және диаметрді 15-16 мм темір жартылай түтікке қондырылған. Ал, жалпайтылған ұштары сыртына қарайды. Темір қатты тоттанған. Кішкентай темір пышақтың сынығы сақталған ұзындығы 5,5 см.

 

Аталған кешеннің табылған әшекейлері мен тұмарлары осы. Сидақ храмының құрылыс қабатының IV-V ғасырларда болғанын қосымша дәлелдейді. «Тұмар жиынтықтары құрамы жағынан Отырар алқабындағы Қоңыртөбе зиратынан табылған әйелдердің мүрдесінің қасынан табылған заттарға ұқсайды. Ескерткіш храмға құрбанды беруге арналған сияқты, онда дүниеден өткен ағайындары мен ата-бабаларының әруағына бағышталған салт-жоралғылар жасалған. С. Яценконың пікірінше, жерленген әйелдің әлеуметтік жағдайы онша биік болмаған тәрізді. Мәселен, онда бірнеше алқалар, білезіктер, сондай-ақ маржанмен өрнектелген және т.б. бас киімдер мен белбеулер, шашқа түйрейтін түйреуіш, сырғалар мен жүзіктер болған тәріззді. Яғни, бұл құрамы бойынша жесір әйелге құрбандыққа қойылған сый деуге болады. Жесірдің өлген күйеуін еске түсіру туралы «әшекейлерін алып қою» дәстүр көптеген еуразия халықтарының мәдениетінде кездеседі.