2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Мірәлі баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елдімекенінде орналасқан. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам) қаласында, феодалдардың танымал адамдарына арналып салынған ескерткіш. Мірәлі баб кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген қасиетті адамның құрметіне арналып салынған.
Мірәлі баб кесенесі ежелгі Сайрамның көне құрылыстарының бірегейі. Жергілікті тұрғындардың бұл ескерткішті күтіп ұстауы арқасында бастапқы кейпі болмаса да, біздің уақытымызға дейін сақталған. Әрине, бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған.