Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қызыл-Уық ғибадатханасы   (IV BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Шаян ауылындағы мешіт-медресе

Шаян ауылындағы мешіт-медресе 

 

Мешіт-медресе сәулет өнерінің ескерткіші Бәйдібек ауданы Шаян ауылында орналасқан. Шаян аталу себебі, ағып жатқан өзенде шаян көп деп түсіндіріледі. Алғашында кішкене саман мешіт болған, дегенмен тұрғындардың көп қоныс тебуі кеңірек мешіт салуға итермелеген.

Шеберлерді Бұхарадан шақырған. Салған шеберлердің есімі бірде-бір құжаттарда сақталмаған, медресе ғимараты дәрісханамен бірге жобаланған. Мешіт медресе кешеніне қарап Мауренахр сәулет өнерінің техникасымен байланысы бар екенін көре аламыз, оның формасы мен компазициясы ортағасырлық белгілі Бұхара, Хиуа шеберлері стилінде орындалған. 

Мешіт медресені 26х14х6см мөлшердегі кірпішпен салған, ал жуандығы 27х12х5см кірпіш қолданылған. Цокольға, іргетасына ұзын трапеция тектес кірпіш қолданылған. Мешіт үстінен медресе құрылысы мешіттен едәуір кейін салынған. Кешеннің орталық ядросы деп үлкен мешітті айтуға болады. Мешіттің солтүстік батысында П үлгідегі медресе, оңтүстігінде мешіт жағында дәрісхана орналасқан. Мешітте ешқашанда мұнара болмаған, дегенмен олар ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарында бұзылған.

Видео: Шаян мешіт медресесі