Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Верный үш классты училищесі   (XIX ғасыр)

Қажы Талиға  XVII ғасыр

 

Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпын сақталмаған.

Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген.