Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Жұбан-Ана кесенесі   (XIX ғасыр)

Жүсіп ата кесенесі 

 

Түркістан қаласынан 30 шақырым жерде Икан аулында орналасқан. Ескерткіштің шығыс бетінде Алматы – Самара тас жолы жатыр. Ескеркіш молалар арасында орналасқан. Ол жерге ең соңғы рет 2000 жылдай бұрын жерленген.  Саман құрылыстың солтүстік жағы бүлінген. Ескерткішке жақын маңда трансформатор, ұңғыма орналасқан. Ұңғыдан құбыр арқылы су жіберілген. Кесене тікбұрышты 2–камералы құрылыс. Гурхананың сақталған бөлігі бірқабытты күмбезбен жабылған.

Портал солтүтіктен 40 градус еңкейіп  Қожа Ахмед Яссауиге бағытталған. Кесене 500 жылдай уақыт бойы өмірінде негізгі доменттарын жоғалтқан – яғни Портал мен Зиаратхана қабырғалары бүлініп,  біркелкі 3 – метрдей биіктікте ғана сақталған. Ескерткіштің негізі төменде көрсетілген деңгейден 80 – 90 см. ғана. Ғимарат едені мүлде сақталмаған, оның орнына шөп өсіп кеткен. Гурханаға кіре беріс екі шетінде кейіннен жерленген қабырлар бар. Гурхана кіреберіс өзінің алғашқы қалпын жоғалтпаған. Есік жақтаулары мен темір торлар кейіннен қойылған. Қазіргі уақытта гурханада 8 қабір бар.