Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Жошы хан кесенесі

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Алғашқы әскери училище ғимараты

Алғашқы әскери училище ғимараты 

 

Ескі карта бойынша қазіргі әскери училище ғимараты Михайловский және Никольский көшелері бұрышында орналасқан. Ғимарат XIX ғасырдың 70 жылдары салынған. Онда классикалық ерлер гимназиясы болған. 1890 жылы училище болып құрылған. Училищеде 200-дей бала оқыған. Ғимарат үш этапта күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қазіргімен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ, екінші қабат терезелері сәнделген кіреберіс есік үстінде балкон орналасқан.

2005 жылы шатыры жөндеуден өткен: тіреу ағаштары ауыстырылды, барлық шатырлар осы заманғы материалдармен (черепица) ауыстырылды. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей құрылыс қабырғалары қауіпті жағдайда тұрды, себебі ғимараттың бойында ылғал сіңіп кеткен.