2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Tолығырақ«Мәдени мұра» МБ Қоғамдық Кеңесі Мемлекеттік хатшының 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1 бұйрығымен құрылды. Қоғамдық Кеңес ұсыныс-кеңес беру органы болып табылады әрі «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен оны ғылыми-әдістемелік қамту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жәрдем ету мақсатында құрылды.
Tолығырақ
2004 жылы бағдарлама қабылданғалы бері 78 тарих пен мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, олардың 28-і (35%) - 2008 бен 2011 жылдар арасында реставрацияланған. Екі ескерткіш ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасына кірді, олар Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені.
Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.
Tолығырақ