Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

НҚА, Заңдар, Қаулылар, ҚР Президентінің Жарлығы

Ямышев қақпасы

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Нормативтік-құқықтық актілер - "Мәдени мұра" жобасының 2009 - 2011 жылдарға арналған жоспары

"Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы N 158 Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 11, 61-құжат

Қазақстан Республикасының Үкiметi Қ АУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпараттың Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. "2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 555-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов